Атақ па, азық па? Ертегі (Соңы)

Атақ па, азық па? Ертегі (Соңы)
Фото: forum.awd.ru

БАСЫ

Әйелдер ұлып келіп, тізерлеп отырып: «Ақсақал, құрметті Вачарават, халық қайғыға ұшырады. Әлдекім бар алтынымызды жымқырып кетті. Енді бір жыл азық ететін күрішті қалай аламыз?» деп еңірегенде етегі толды.

Әйелдер айқайын құлағы шалған халық түгел жиналып қалды.

– Кім мұндай қайырымсыздыққа барды? Кім деймін? Кім? – деп айқай салды қария. Вачарават қана басын төмен салбыратып, үнсіз тұрды.

– Тынышталыңдар, чангалар, – деді ол, – алтынды мен алдым. Мен оны құрылысшыларға тас пен балшықтың орнына беріп жібердім. Әйтпесе ғибадатхананы ешқашан сала алмас едік. Сол баяғы белгісіз чанга болып өмір сүре берер едік. Одан абыроймен өлгеніміз жақсы! Вачарават әдеттегідей халықтың қолпаштаған дауысын естігісі келіп, оң қолын жоғары көтерді. Бірақ халық құлаққа ұрған танадай жым-жырт бола қалды.

Бір әйел тұрып, Вачараватқа жақындады да, тура бетіне былш еткізіп түкірді: «Мәртебеңмен қоса құрып кет. Балаларымызды азықтандыратын түк жоқ, олар аштан өледі. Қарғыс атсын сені!», – деді. Барлық чангалар әйелді қостай кетті. Қария жерден тас алып, шама-шарқынша жоғары шығып, дірілдеген қолымен, Вачараваттың басына жіберіп қалды. Өзге халық та осы әрекетті қайталап, қарғыс жаудырды. Тіпті балаларға дейін тас атты.

Олар осылай Вачараватты өлтіріп тынды. Осы жылы барша халық аштыққа шыдамай, қырылды. Ақсақал да ғибадатханаға тамсанып жатып көз жұмды. Пулау Сабах аралы бос қалды.

Жүз жылдан кейін атақты жауынгерлер келіп, сиқыршыларды да, күріш өсірушілерді де өлтірді. Үш жүз жыл өткенде аралға алып заманауи кеме келді. Одан чангаға мүлде ұқсамайтын адамдар түсіп, ғибадатханаға таңданып, фотоаппаратын шырт еткізіп, суретке түсірді.

– Көрдің бе, – деді біреуі, – Ақыры соңында таптық. Чангалар ғибадатханасы бар дегенге ешқайсысың сенбеп едіңдер. Осы аралға көрші тұрған аралдарда өзге ештеңе жоқ. Ал мына жерді ұлы халық мекендегені көрініп тұр. Мұндай ғажайыпты салу тек сол халықтың қолынан келді!

@. @assel_assanova