Бауыржан Момышұлынан сұхбат алуға барған корреспондент

Бауыржан Момышұлынан сұхбат алуға барған корреспондент
Фото: cucumber.kz

Қазақ халқының абызы, ұлт мақтанышы батыр Бауыржан Момышұлының өмірінің кезекті қызықты сәтін оқып, батырдың жан дүниесіне сапар шегіңіздер! Бұл белгілі жазушы Мархабат Байғұттың естелігінен үзінді екенін естеріңізге саламыз.

Мархабат Байғұт:
Аудандық газеттен облыстық газетке ауысқан кезім еді. Бас редактор шақырып ап:
- "Восход" қонақүйінде Бауыржан Момышұлы жатыр екен. Содан барып сұхбат алып келесің?- деді. Үлкендердің ешқайсысы барғысы келмеген. Шошып кеттім. Баукеңнің журналистерді "қарсы алғаны" туралы талай естігенбіз. Амал жоқ баруға тура келді. 

Барсам Шардара жақтың бір топ адамы Баукеңе арнайы сəлем беруге келген екен. Баукең:

- Сен кімсің?- деп гүр ете қалды.

- Мен "Оңтүстік Қазақстан" газетінің корреспонденті едім, -дедім.

- Вы корреспонденты дураки. Потому что обманываете народ!- деді Баукең түсін суытып. Мен не айтса да көнемін деп бекініп отырмын. Тек мына шардаралықтар кетсе деп отырмын. Бір кезде олар кетті. Мен:

- Аға,- деп бастай беріп ем:

- Қайдағы аға?!Мен саған аға емеспін, атамын,- деді Баукең ызғарлы үнмен. Мен:

- Біз жақта əкесінен жасы кішіге аға, əкесінен жасы үлкенге ата деп сөйлейді. Сіздің жасыңыз менің əкемнен кіші ,- дедім. Осы сөзден кейін Баукеңнің жүзі жыли бастады. Айтқан сөзім ұнады шамасы. Сұхбаттасып қайттым.

Ж. Жұмағұлов