Бауыржан Момышұлы өмір мен өлім туралы

Бауыржан Момышұлы өмір мен өлім туралы

Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлы атамыздың өнегелі өмірі баршаға үлгі. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады.

Ендеше, «Халық қаһарманының» өмір мен өлім туралы айтқан сөздерін назарыңызға ұсынамыз.

1.Өмір үшін өлгенше соғыс.
2.Өмірді сүйген-өлімнен қорықпақ емес. 
3.Өмір сүргің келсе сүріне істе. 
4.Именіп жүріп көрген игіліктен,қарсыласып жүріп көрген бейнет артық. 
5.Арпалысып жүріп алған абырой-өмірдің шырын рақаты. 
6.Бақаның бағынан сұңқардың соры артық. 
7.Өлу емес,өмір сүру керек. 
8.Өлтірсең өлімнен құтыласың, 
Өлтірмесең өлімге тұтыласың. 
9.Айбындана шапқанннан ажал да сескенеді. 
10.Тізе бүгіп тірі тұрғаннан, 
Тіке тұрып өлген артық. 
11.Өмір сүргің келсе, ақырына дейін айқас. 
12.Өлімге асықпай ұрыс жүргізуді үйрен. 
13.Ұйқы-өлімнің інісі. 
14.Қырық жыл қырғында ажалды өледі. 
15.ʺҚадірін білмеппіз ғой тірі кездеʺ 
Деп жылар сорлы қазақ мен өлгенде 
Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді 
Тарихтың түкпірінен сөз келгенде. 
16. Қашу – жаудан құтылудың жолы емес, өлімнен де жаман, ауыр опасыздық. 
17. Өзің мерт болғаннан гөрі өлтіру қиынырақ. 
18. Өмір үшін күрес – ұрыстағы қорғаушы күш.
 

 

А. Оралқызы