Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Аударма / Адонис: Арман мен махаббат арасы – жақшамен бітетін тұйық жол

Адонис: Арман мен махаббат арасы – жақшамен бітетін тұйық жол

Адонис: Арман мен махаббат арасы – жақшамен бітетін тұйық жол

Сириялық ақын Адонис шығармашылығы қазақ оқырмандарына аса тыныс емес. Ол – араб тіліндегі 20-дан астам кітаптың авторы, "Жаңа поэзия" қозғалысының беделді өкілдерінің бірі. "Әдебиет" аталымында Нобель сыйлығына басты үміткерлер қатарында есімі жиі аталады. Тоқсан жасты тақымдаған ақын бүгінде Францияда өмір сүреді.

Адонистің бір топ өлеңін жас ақын Шерхан Талаптың аудармасында оқырман назарына ұсынамыз.

Балалық шаққа оралу

Көбелек жегілген күймеге айналу,
Желіккен желдің де арманы.

Есімнен адаса еске алдым мен оны.
Түйсіктің түбінде гүлдерде ой һəм алғаш,
Тəніммен тілдестім себебі.

Тəн солай ой құшты адасқақ.
Қан қызыл түспенен жазғанмын бұл сəтті.

Қызыл түс – гүлдердің ең көркем тəжіндей.
О, неге барлық түс алқызыл кілемге табынды?

Түн деген – шаршаған шамшырақ елесі.

Əр бұтақ қол сынды.
Ғаршыға жазылған хатымды,
Жасырын жаяды жел тəні.

Күн сонда жүз қанық болар шақ мені аңсап,
Уай, несін оранды тұманға?
Жарықпен жазалау - күнəм ба?!

О, менің оралмас күндерім!
Түсімде тəтті бір қиялға шомылып,
Сүйеніп тұрамын сəулелі сəттердің сертіне.

Арман мен махаббат арасы –
Жақшамен бітетін тұйық жол.
Осы бір кеңістік ішінде
жабыққан жанымды жасырып,
Аңсарлы жүрекпен қараймын əлемге.

Сенсеңіз: əуеде шөптердің шеруін сан көрдім.
Һəм талай арбалдым жолдардың биіне.

Гүлдерім – нəзіктік төгілген іңкəрім.
Сарғайған сəттерді сағыныш нұрына бояйды.

Жылдардан қалған мұң жараға айналды.
Ол менің тағдырым екенін сездім бе сол шақта?!

Ішімде бұлқынған сəбидің уілін,
Ернімде əлдилеп, ауаға жазамын.

Ол қазір жарықтың жоғарғы сатысын мекен ғып,
Қара түн жамалын оқуға асық боп,
Дамылдар бір бұрыш іздейді.

Егер Ай бұл түні үй кезсе,
Бетпе-бет келуден жүз тайқып кетердей.

Мен енді дымқыл шаң соңына із байлап,
Маусымның желіне жол алдым.

Серуенге шығамын жаяулап:
Оң қолмен – ауаны,
Сол қолмен – қиялда салалап қос бұрым.

Жұлдыздар – тұңғиық тербеген тым ұсақ тастарға ұқсайды.

Осы бір картина шексіздік осінде ұштасып,
Жаңа бір жолдарға бастайды.

Ай – Абыз, тағы – Түн,
Шашылған ақ сəуле асатаяғынан айнымай,
Сиқырлы дұғасын төгеді.

Шалғайда – мен туған мекенде,
Қаусаған кəрі үйде қалдырған,
Тəніме не деймін мен енді?!

Балалық шағымды айта алмас ешбір жан.
Тек көкте жымыңкөз жұлдыздар,
Түнгі жол шетіне із тастап,
Бір сырдың тиегін ағытар.

Балғын кез баяғы қалпында,
Нүктедей жарықтан шашады сəулесін –
Білмеймін, кім мені өзіне шақырған?

Аймаңдай өзенді айнаға балайды бұл бала,
Қайғысын сұрарға қайрылып.
Жаңбырлы маусымын жасады дертінен,
Қарасұр бұлттарға ес кете еліктеп.

Бұл ауыл – балдəурен күндердің əуені.
Қанша алыс кетсең де жылдардың көшімен,
Шекара шиырлап қаларсың сол маңда.

Мұндағы кешкен күн көл сынды көктеңбіл.
Естелік жүзеді толқынмен тербеліп.

Табаным астында теңселген таулардан,
Тəнімді төменге тастайтын шақ туса,
Мен қалай құзарға қол созам қайтадан?
жəне оның керегі болар ма?!

Уақытты теңедім тұтқасыз есікке.
Айқара аша алмай азапқа батамын.
Сиқырым тозды ма, дуам да дарымай,
Дұғамды ұйқыдан оятқым келеді.

Ауылдың ұлы едім арманы қыркезбе.
Рухымның тамыры жайылған мекен бұл.
Жағада өпсе де тəнімді топырақ,
Жанымның құмары теңізде тыншыған.


Сөз басы
Бірде менің бала бейнем, бал шағым,
Іздеп келіп, үнсіз жанар қадады.
Сөзге ермеген серуенде қанша күн,
Сыр ашпады сол бір жұмбақ жамалы.
Арамызда – тыныштыққа тұнған мұң,
Теріс аққан өзен сынды қадамы.

Біздің сонда ажырамай бастан бақ,
Бір болмысқа тұтасады жан сыры.
Ақ парақтар желге ұшқанда аспандап,
Тəн екіге жарылады жаншылып.
Жерді сызған ормандардан басталмақ,
Алуан түрлі бояулардың маусымы.

Балақаным, бір кездері дос болған,
Бізді қазір қандай себеп байлайды?
Кім біледі, нендей тағдыр тосты алдан,
Уақытқа айтар арзуымыз қандай-ды?!

ADAM
Адам маған сыбырлады сыр ашып,
Үнсіздігі күрсініске ұласып:
“Мен əлемнің əкесі емен бұл – шындық.
Жұмақты да көрген жоқпын тылсым ғып.
Құдайыма қайтарыңдар, мұңшыл жұрт”.



Әуен

“Бірінші ғасырға арналған эллегиядан”

Кірпігімізге асылған қоңыраулар зарында,
Айтылмаған сөздердің өлімінде өксіген,
Һәм сол сөздің толқынды кеңістігі ішінде,
Балшық кешкен атымен рыцарь бағыт түзейді.

Кеуде тұсым – өлеңім,
Қос жанарым кітаптай.

Сабырыңды ұрлатқан сөз терісі астында,
Көпіршігі көлкіген жарқырауық құтыда,
Сағынышты мұңды әнге елтіп өлген бір ақын,
Өртке оранған дәл осы эллегияны қалдырды...

Көкжиекте қалқыған таңғажайып құстарға,
Шайырларға жыры өзге көздерінде ой көшкен... 

0
Рейтинг: +3

Фото: vk.com
Қосылған күні: 21 қазан, 12:27

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.