Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Аударма / Мұхаммед Тұран : "Түс көремін бұйыға да, ұйықтап кетіп бір тізеңде"

Мұхаммед Тұран : "Түс көремін бұйыға да, ұйықтап кетіп бір тізеңде"

Мұхаммед Тұран :

Мұхаммед Тұран (Гаджиев) – Әзірбайжан ақыны. 2000 жылы туған. Алғашқы кітабы 16 жасында «Şeir Sevgilim» деген атпен жарыққа шыққан. 2017 жылы «Ахмеда Джавада» атындағы орта мектепті тәмамдаған. Жас ақынның бір топ өлеңін Батырхан Сәрсенханның тәржімалауында назарларыңызға ұсынамыз. 

*** 
Білесің бе қоштасуда, 
«кейін» болмас ешқандай да. 
Өртенесің, басыласың да, 
Жаз келген соң жас тамбайды. 

Ең бағалы бас қосу да, 
Тар кеудеге сыймағандай. 
Тіпті азапты қоштасу да 
Бақыт сыйлар кейде адамға.

Келесідей, келер жолдай 
Жоғалттым ғой күнім сені. 
болып кеткен өз қолымдай, 
Жоғалттым ғой, гүлім сені. 

Жоғалттым әр лебін желдің 
сені ұмыттым, сені ұмыттым. 
Кешір мені, көгінде елдің, 
Күлге айналып төгіліппін.. 

*** 
Қадамдарын баяу-баяу 
басар сұлу түнгі уақта. 
Қиял, шіркін аялдамай, 
Көше кезер сіздің жақта. 

Жұлдыз қонар иығыма, 
Батам, әсте, күлкіге де. 
Түс көремін бұйыға да, 
Ұйықтап кетіп бір тізеңде. 

Бойға жинап жалынымды, 
Кездесуге асығамын. 
Оранамын әр үніңді, 
Кейде жоқсың, бас ұрарым!. 

Санаймын тек түнбе-түнді, 
Дұғадай нақ әр демім де. 
Созылады күндеріме, 
Сағынышым... ең кемінде.. 
*** 
Жүзді бұрдым қанша жаннан, 
Қуанышым борай қалды. 
тілек кетті, тамсана алман, 
Тағдырым да кері айналды 

Кектенбейді еш қолдарым, 
таудай мұңға салсаң да әман.. 
А, құдайым, көрмеймісің, 
Баламын ғой алшаңдаған.. 

Солды үмітім көзімдегі, 
Шыдам құлар сабырымнан. 
қаңтар күні өзің, тегі, 
бердің үміт тағы жылдам. 

Семді аз ғана махаббатым, 
семді бәрі неғылайын. 
мені өзіммен қалдырыңдар, 
мен ессізбін, а, Құдайым! 
*** 
«Ах» дерлік ғана жаным бар, 
Кеудемнен өрбіп шығатын. 
Әр күні жатар азайып, 
Әр күні кеміп қуатым. 

Көзге сіңген күн де тұрмас, 
құласа да тегі, мейлі. 
қатып қалған бір тамшы жас, 
Ешқашан да ерімейді.

Тілекті үгіп жүректегі, 
саусағыммен, дал боламын. 
қолына алды аспан мені, 
Аспан ұлы мен боламын!.. 

Талех Мансурға

Ішеміз әлем тыныштығы үшін, 
Әруақтар үшін, күміс мұң үшін. 
Бауырлар, 
біз қашу керек әлемді, 
Қудық мұнша неге артынан пәлен жыл?! 
Қайғы таудай, көтерілер асқарға, 
Еңсере алман бұл қайғыны бассам да. 
Өлім бізді тастамайды дерексіз, 
Біз әлемде тұтқындамыз, қайда қашу керекпіз?! 
Азаптандық ұсақ қана сәттерден,
еске аламыз аспанды алыс бөктерден. 
Қарғып қана өте-тұғын көпірге. 
Неге біздер үй тұрғыздық бекерге?!.

0
Рейтинг: +1

Фото: 1news.az
Қосылған күні: 06 сәуір 2018, 13:53

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.