Итало Кальвино: Мысық сияқты жұмсақ жүруді үйрену ойыны

Итало Кальвино: Мысық сияқты жұмсақ жүруді үйрену ойыны
Фото: vk.com

Бір ауыл болыпты. Онда кез келген іске заң тұрғысынан шектеу қойылған екен. 
Ауылда тек мысық сияқты жұмсақ жүруді үйрену ойнына ғана тыйым салынбапты. Сондықтан ауыл тұрғындары жиналып үнемі сол ойынды ойнайды екен. Ауылда жарияланған тыйым нақты әрі иланымды болғандықтан жұрт ол туралы ренжіп немесе қарсы тұрып жатпайды екен. 
Бірнеше жыл өтіпті. Бір күні ауыл басшылары тыйым салатын ештеңені таппаған соң, ойланып көріп соған дейін атқарылған барлық тыйымның күшін жойғанын жариялапты. 
Биліктің өкілі халық көп жиналатын жерге келіп: 
- Қалайық, тыңдаңыздар, барлық тыйым алынып тасталды, - депті. Бірақ, мысық сияқты жұмсақ жүруді үйрену ойнын ойнап жатқан тұрғындар оған қарап та қоймапты. 
- Естіп тұрсыздар ма, сіздер енді қалағандарыңызды істей аласыздар, боссыздар- депті биліктің өкілі одан ары дауысын көтеріп. 
- Түсіндік! - депті ауыл тұрғындары оған бір қарап қойып, жалғасты өз ойындарымен бола беріпті. 
Мұны көрген өкілі жұртқа: «Сендер енді боссыңдар, бір кезде айналысқан кәсіптеріңмен қайта айналысуларыңа болады, сендер еркін адамсыңдар...», - деп түсіндіріп әлекке болыпты. Бірақ, жұрт оған қарап та қоймапты. Өздерінің ойнына беріліп, шаршап-шалдыққанына қарамай ойнай беріпті. 
Жұрттың бұл тірлігін көрген өкіл жағдайды жоғары жаққа мәлімдейді. Биліктегілер: «Не істейміз?», - деп ойланып қалыпты. 
- Таптым, - депті біреуі содан, - енді, - мысық сияқты жұмсақ жүруді үйрену ойнына тыйым салу керек. 
Билік солай істепті. Алайда, бұл жолы ауыл тұрғындары өре тұрып қарсылық көрсетіп, бұйрықты жеткізген биліктің өкілін өлтіріп тастапты. Өздері әлгі мысық сияқты жұмсақ жүруді үйрену ойнын жалғастыра беріпті.

Ардақ Нұрғазының Вконтакте парақшасынан

А. Оралқызы