Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Аударма / Александр Блок. "Қандай ән салайын, сіз тәтті ұйықтау үшін?!"

Александр Блок. "Қандай ән салайын, сіз тәтті ұйықтау үшін?!"

Александр Блок.

Александр Блок – орыс әдебиетінің күміс ғасырының көрнекті өкілдерінің бірі. Символист ақын, аудармашы, драматург, сыншы, әйгілі циклдық "Сұлу бикеш" жырының авторы Блоктың шығармашылығы қазақ оқырмандарына да аса жат емес. Сол кездегі орыс қоғамынының рухсыз дерті мен заманының ащы мұңын айта алмай күйінген Блоктың бір топ өлеңдерін талантты жас ақын Марлен Ғилымханның аудармасында оқи отырыңыздар!

***
Айқайлы... шулы... бірқалыпты үннен,
қаланың қарбаласынан,
Енді кетем Мен түнекке ырғалып күлген,
айықпай жан жарасынан,
Мағынасы жоқ барамын бұрқасындарға,
Ненің не екенін сана ұмытады,
жіптері үзіліп.
Айналамда қар...
трамвай...
ғимарат қарауытады,
Алдан
жарық пен қараңғылықтың күткені қызық.
Арбалған болсам,
өзім деп сорлауықты айтам,
Сананың
үзілген жібі несіне есімде?
Мен үйге қорланып қайтам,
Сен мені кешіресің бе?
Жол айқындайсың шырақтай жанған,
Мақсаттың үні көп пе артта
шалғайдан ұшқан?!
Сандырағымды қайтесің ұнатпай қалған,
Ақындығыма өкпе артпа...
Балдай дауыстан
оянып кетіп жаныма жарасатын ән,
Болады мені кешпеуге...
Жылап өтер ме ем?!
Қоңыраулы түндегі аласапыран,
Әкетпеу үшін мына мекеннен...

2 ақпан, 1909

***
Бүгін... көзіме түспейді кешегі елестер,
кештердің кейпі таңертең...
Самалы
күлген шақтардың қайғысыз
еседі емес пе,
Түндерде басқа бәле ертем
күндерді ұмытып...
Қиналам... барлық сәттерім жүзеді ішімде
жүректің жүдеу өмірін ішіп,
Аңырайып тұр ажал алдымда!
Ұмтыла алмаймын қатемді түзеу үшін де,
ауыр армандау...
Демім бәсеңдеп, тарылған аймақ,
өткенге
оралу деген адырам қалды-ау,
Менсіз де бақ мекеніне көш барады да...
Жөтелі асқынып жүр соңғы ой:
Аздан соң жансыз қалатын
тәнімді абайлап,
аймалап жатқан "қолдарға" сұқтана алмаған
қоc жанарыма
Түн болып қарап тұрсам ғой...

3 ақпан, 1909

***
Жұмыссыз өткен көктемгі күннен мән кетіп,
Әйнек алдында... айғызын кезген ыстық сәт,
Әйелім отыр зар әуелетіп,
әндетіп,
Торға қамалған құсқа ұқсап.
Сағынышы өршіп...
бақыттан, бәлкім, қағылды,
Мен тұрмын мұңын қақпайлап.
...Мүлде оралмайтын отырсың ба, әлде, жаныңды,
Шулатып кеткен шақты ойлап?!
Қара қайғының мүмкін бе қайта келмеуі,
Жалықтырады еңсеңді сонда тепкір ой. 
Терезеге енді түсірдің неге пердені,
Күн баяғыда
жаныңа өрт салып кетті ғой?!

Наурыз, 1909

***
Бүгін түсімде
оны
көрдім:
Сүймепті мені ешқашан!
Ақымақ!
Соқыр сорлы екем!
Танауын таңның кеш басар,
Жүзінде жылдың сол шырай,
Сәттер өксиді сөз күйсеп,
Біреу екенмін...
қауышып қалған
жолшыбай,
кездескем екем кездейсоқ!
...Еңсемді билер есім жоқ,
Лаулаған іштегі өртімді,
Өшіре салды «Кешір» деп!
Тамылжи түсті-ау тымық түн,
Ол маған сәуле төккенде,
Пәк толқынысымды ұмыттым!
Кереғар нұры әсердің,
Күлкісін таппай көзден еш.
Мен неге жаңа жас өрдім,
Отырған оның қасында,
Өзім сияқты...
Өзге емес!
Бұл нендей асыл сиқырлық?!
...Жанымда жарқын ән қалқып,
Қиялым тұрды құйқылжып!

30 қыркүйек, 1915

***
Ұмтыласың қоруға,
жан-тәніңді өмірдегі қайғыдан,
тұла бойды кеулеген,
ұзақ уақыт масайрауға құмартып...
Дымқыл тұман белдің бетін бүркейді,
сырғанайды кеудеден,
Мақпал түнде мұнартып...
Өткеніңді сызып таста жадыңнан,
болашағыңды да ұмыт!
Дала мылқау, қою қара түнек бөзін
жамылған.
жалғыз ғана ұйықтап кетуді аңсайсың,
құбылып...
бірақ, 
бәрібір...
оятады әлдекім...

27 тамыз, 1909

***
Ол өлкенің аспаны ашық.
Жазмышы жасқа ғашық,
Жаралыларға толы жан-жағы.
Жаз күйі.
Сондай анық...
үн қалықтатады құшағындағы қаз биі.
Еркін...
көңілді...
әрі әдемі
сүйіктімнің алыс маңнан бұғаусыз
талып жеткен күбірін
естимін мен...
күмәнсіз!
Ол мекенге күз келгенде,
Кіл буалдыр қауырсындар көк аспаннан тамшылар.
Балта ойнайды,
кәрі орманнан жан шығар...

Қыркүйек, 1910

***
Терезе алдайды қара аспандағы,
Ескі сарайда шам болса.
ол... келе жатыр - жарасқан бағы,
жымиыс шалған қоңырқай жүзін.
...Қараймын жанар талғанша.
Шараптың буы... көз алдым бұлдыр да бұлдыр,
бой ұсынамын кейде оған...
тамырдағы оттың
естимін биік дауысын.
...Осы бір кеште қандай ән салайын, синьора?
Қандай ән салайын, сіз тәтті ұйықтау үшін?!

саратан, 1909

***
Үйдің іші тып-тыныш... көңілге қайғы ілікті,
Досым отыр аяулы,
сыбыр да естілмейді.
Орын таппай ішінен жайлылықтың,
безек қағам безгектен.
безерген от бейнесі,
өзгеге бейтаныс мұң кешсін дейді...
...Әр жерден уілдеп ой,
Алай-дүлей боранды шақырады.
Кеудесінде бөлменің
қорқынышты көңіл-күй жатыр әлі.
бұл азаптан кім келіп құтқарады?!
Тіпті, үйдегі серіктің иығынан
әлдекімнің жанары
мені
аңдып тұрғандай сұқтанады.
...Иығы қозғалыссыз,
бірдеңе бұлдырайды,
Қанаттың діріліндей үнді естимін,
әлденеге асыққан cазы - үрейім.
...өрт көзімен өңімді ұрғылайды,
Ажалдың періштесі Әзірейіл!

Қазан, 1913

1
Рейтинг: +2

Фото: eksmo.ru
Қосылған күні: 18 қаңтар 2018, 14:05

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.