Антон Чеховтың суретші ағасына жазған хаты

Антон Чеховтың суретші ағасына жазған хаты
Фото: oppeople.ru

«Мені ешкім түсінбейді!» деп сен маған жиі шағымданасың. Бұлай тіпті Гете де, Нютон да шағымданбаған. Сені жақсы түсінеді. Егер сен өзіңді-өзің түсінбесең, бұл басқалардың кінәсі емес. 

Інің ретінде, саған жақын адам ретінде сені сендіргім келеді, мен өзіңді түсінемін және бүкіл жан дүниеммен сезінемін. Барлық адами келбетіңді бес саусағымдай білемін, оларды бағалаймын, терең құрметпен қараймын. Керек десең сені түсінетініме дәлел келтіре аламын және ол қырларыңды атап та беремін. Меніңше, сен өте мейрімдісің,кеңпейілсің,соңғы тиыныңа дейін бөлісесің, адалсың. Саған өшігу, адамдар мен жануарларға жаның ашымау, алаяқтық, кек сақтау жат нәрсе, сен жоғары орындағылардан дарындысың, сенде басқаларда жоқ биік бар. Ол - талант. Бұл талантың сені милиондаған адамдардан биік етеді, оған себеп 2 милион адамның тек бірі ғана суретші болады. 

Сен құрбақа немесе бүйі болсаң да, талант сені өзгелерден оқшау етеді, көп адамға сен құрметтісің,талантқа бәрі кешірімді. Сенің кемшілігің біреу ғана. Оның ішінде өтірігің де, қайғың да бар. Бұл соңғы тәрбиесіздігің. Кешір мені, бірақ veritas magis amicitiae... Жағдай осы, өмір өз талаптарын жасайды. Білімді ортада өзіңді жайсыз сезінбеу үшін, ортаңғол болмау үшін және одан азап шекпеу үшін, терең білімді әрі тәрбиелі болу қажет. Талант сені осы ортаға алып келді, сен оған тәуелдісің. Бірақ... vis-a-vis орта мен мәдениетті ортаның арасындағы тепе -теңдікті сақтап тұра алмау, сені ол жерден кері тартады... Айтпағым дене тоғышар, өсуші шыбық, төмпешік сынды бір тілім ғана. Оны жеңу қиын, өте қиын. Менің пайымдауымша, тәрбиелі адамдар келесі қағидаларға сай келуі тиіс.

1) Олар адамдық қағидаларға құрметпен қарайды, содан да әрқашан қамқор, жұмсақ, сыпайы. Олар балға үшін, немесе жоғалған резеңке үшін бүлік шығармайды. Әлдебіреумен өмір сүреді, бұл үшін шағым жасамайды, ал кетсе, «сізбен өмір сүру мүмкін емес!» деп айтпайды. Олар шуды да, суықты да, күйген етті де, ащыны да кеше біледі, басқалармен байланыста ғұмыр кешеді.

2) Олар қайыршы үшін де, мысық үшін де рақымды. Олар әрбірі үшін жаны ауырады, не болса да жай көзбен қарай алмайды..

3) Олар өзгенің дүниесіне құрметпен қарайды, сол үшін де қарызын төлейді.

4) Олар ақ пейілді, өтіріктен от көргендей қорқады. Олар, тіпті, болмашыға да өтірік сөйлемейді. Тыңдаушы үшін олардың не айтқанын көзі айтып тұрады. Олар құбылмайды, әлектенбейді, көшеде өзін үйдегідей ұстайды, кіші інілерінің көзінше ішімдік ұстамайды... Олар бөспейді, одан бірдеме сұрамайынша ашылып сөйлемейді.. Құрметтен, өзге құлақтан олар жиі үнсіз қалады.

5) Олар басқаға «көмек» болу үшін, өзгені қорламайды. Олар өзгені әлпештеп сөйлейді, басқаның жан-дүниесімен ойнамайды. Олар «Мені ешкім түсінбейді!» деп айтпайды.

6) Олар бос кеуде емес. Олар жасанды брилиантпен айналыспайды, атақты адамдармен таныс болса да, Салонда жолықса да масайрамай, танымалдылықты әріптесіне береді.

7) Олар өзі шынымен талант болса, талантын құрметтейді. Ол үшін әйелді де, шарапты да, өткінші өмірді де құрбан етеді...

8) Олар өзін әсемдікке тәрбиелейді. Олар киіммен ұйықтауды, қабырғадағы саңылауды қандаламен көруді, лас ауамен демалуды, түкірік толы еденде жүруді, кеорсинмен азықтануды қаламайды. Олар түйсікті игілікке үйретуге тырысады. Тәрбиелінің қарым-қатынасы асханалық дәрежеде емес. Оларға әйелден төсек те, жылқыға ұқсас дене де, ақыл да, жасанды жүктілік пен шаршамай өтірік айту да қажет емес. Оларға, әсіресе суретшілерге мөлдірлік, әсемдік, адамдық қажет. Олар асығыс-үсігіс араққа бас қойып, шкафты иіскемейді. Өйткені оның шошқа емес екенін біледі. Тек бос кезде ғана, немесе әртүрлі жағдай болғанда ғана ішеді. Өйткені оларға mens sana in corpore sano керек.

Ортадан дәрежең төмен тұрмау үшін, Пиквиканы оқып шығу немесе Фаусттан монолог жаттау жеткіліксіз. Арбакештің қасына отырып, бір аптадан соң тым-тырақай қайта қашу үшін Якиманкаға бару да тіпті жеткіліксіз. Оған күндіз-түні үзіліссіз еңбек, мәңгілік оқу, еркіндік қажет. Графиндегі арақты сындырып, біздің үйге кел де жатып алып оқы, тымқұрығанда өзің оқып көрмеген Тургеновты...

Мәскеу, 1886 жыл

Орыс тілінен аударған:  Батырхан Сәрсенхан

Н. Айдархан