Оқи отырыңыз

Адам тек жаңа туған кезінде, содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Аударма / Ұйқысыз түн (Әңгіме)

Ұйқысыз түн (Әңгіме)

Ұйқысыз түн (Әңгіме)

Ханым әлденеге елеңдегендей сыртқа құлақ түре терезенің алдына келді. Үйде өзінен басқа жан жоқ. Тыстағы қапалақтап жауып тұрған алғашқы қар бүкіл әлемді қымтап, өлі тыныштық орнатқан-ды. Терезенің мөлдір әйнегінен сорайған өз сұлбасынан өзге көзіне ештеме көрінбеді.

Осы сәттерде ол өзін онан ары құлазығандай сезінді. Мырзасы үйде көп болмайтын, бір кеткенде бірқанша күнге дейін қарасын көрсетпейтін де, үйде ханымның жалғыз өзі ғана қалатын. Бірақ, бұл жолы жағдай мүлдем басқаша болды. Ол өзінің ертеде-ақ жүкті болып қалғанын білгенімен, осындай сүйіншілі хабарды күйеуіне ертерек құлаққағыс етпегеніне өкінді. Кәсібінен әбден ығыр болған күйеуі мұны білер болса, есіктен аттап шықпаған да болар еді. Алайда, қиналып жүрген оны мазалауға дәті шыдамаған.

Ол бірнеше сағаттың алдындағы істерді ойлай қалды. Дәл осы терезенің алдында тұрып, күйеуі әлгі ақшаға қатысты істерді айтқан болатын. Күйеуі салық қызметкері болғандықтан, салықтан жиналған қомақты ақшаны үйге ала келіп, кішкентай қорапқа салып, ас үйдің еден тақтайының астына жасырып тастаған.

- Бұл не қылғаның?

Жағдай, шынымен де, керісіне баққан еді. Бұлардың азғантай депозит ақшалары алыстағы бір ауыл банкісіне қойылған. Бірақ, банк күйрегендіктен, аманатқа қойған ақшаларын шығарып әкеліп алған болатын. Оның үстіне, қолындағы салық қаржысын алып, ит өлген жерге ары-бері шапқылай беру тым қауіпті болғандықтан, оны да үйіне әкеліп жасырған.

- Мен жоқта үйден бір қадам ұзаушы болма, - деді ол әйеліне, - кім келсе де табалдырықтан аттатушы болма!

- Жарайды, ұқтым.

Оның кеткеніне де бірталай уақыт болды. Ымырт үйіріліп, көз байлана бастады. Қар қапалақтаған сүреңсіз кеш үй ішіне сүркейлі көңілсіздік әкелгендей еді. Бірде құлағына әлдеқайдан сыбдыр естілгендей болды. Есік-терезеден енген желдің дыбысына да ұқсамайды. Бейне үйге біреу ұрлана кіріп келе жатқандай әсер етті. Шынында, біреу есік қағып тұр екен. Терезеден сығалай қалған ол есік көзінде біреудің тұрғанын байқады да жалма-жан пеш жанына барып, күйеуінің тығып қойған тапаншасын жұлып алды. Қырсыққанда бұнысы істен шыққан құрал екен де керекке жарайтын, оқ басулы тағы біреуін күйеуі алып кеткен болып шықты. Ол амалсыз атылмас құралды ұстаған бетінде асыға басып, есікке қарай беттеді.

- Тыста тұрған кім бұл? - деп дауыстады.

- Мен ғой, жаралы солдат едім, жолдан адасып кетіп, жүруге дәрменім қалмады, рақым етіп, үйге кіргізсеңіз.

- Күйеуім өзі жоқта ешкімге есік ашпауымды тапсырған еді! - деді ханым ағынан ақтарыла түсіндіріп.

- Онда есіктеріңіздің алдында үсініп өлуден басқа шара қалмаған сияқты маған.

Ол сәлден соң тағы жалбарына бастады.

- Өзіңіз есік ашып көрсеңіз білесіз, зияным жоқ жан екенімді.

- Бұлай істесем күйеуім мені әсте кешірмейді...

Жылап жіберген ол оған есік ашып, ішке кіргізе берді.

Діңкесі құрыған солдаттың құлап қалардай құр сүлдері ғана қалыпты. Бойы теректей ұзын болғанымен, тәлтіректеп әзер басады аяғын. Шынтағын дәкемен орап алыпты, үсті-басы қардан көрінбей, өңі қуарып тұр.

Ханым оны пеш жанындағы күйеуінің орындығына отырғызып, жарақатын тазалап, дәкесін ауыстырып, ас-суын беріп, түпкі үйге кілем жайып төсек салды, ол жастыққа басы тиісімен ұйқыға кетті.

«Расында ұйықтап жатыр ма, әлде ұйықтаған болып, үй иесінің ұйықтауын күтіп жатыр ма?». Шиыршық атқан ханым жатын бөлмесінде әрлі-берлі жүргіштеп, қалайда бір қитұрқылықты іші сезгендей мазасы кете бастады. Жарым түн болды. Үй іші құлаққа ұрған танадай. Тек қабырға пештегі сыртылдай жанған оттың әлсіз дыбысы естіледі. Кенет біреу жүргендей тықыр білінді. Тіпті, қаптесерлердің әлденені кемірген дауысынан да әлсіз естіледі. «Іргедегі үйде жатқан әлгі еркек болмасын?!». Осыны ойлай қалған ол шырақты ала аяғын аңдып басып, дәлізге шықты да тың-тыңдап тұра қалды. Әлгі жаралы ұйықтаған болып тырп етпестен жата қалған сияқты, ешқандай сыбыс білдірмейді.

Ханым есікті жапсарлай ашып, оған көз тастады. Қатты ұйықтап кеткен ол тіпті дүниеден бейхабар сынды. Ханым есіктен қайта шыға беріп еді, әлгі сыбдыр тағы естілді. Бұл рет сыртқы есіктің құлпын біреудің бұзып жатқанын бірден сезген ол жалма-жан құрал-жабдық қобдишасынан күйеуінің бүктемелі пышағын алып, аяғының ұшымен жаралы солдаттың жанына барды да оны түртіп қалды. Ыңыранған солдат ояна кетті.

- Тыңдашы өзің! - деді ханым ақырын ғана, - үйге біреу ұрлыққа кірмекші ұқсайды, маған қол ұшын берсең бола ма?

- Ұрлыққа түсе қояр кім бар дейсіз?-деді ұйқысын аша алмаған солдат, - оның үстіне, мұнда ұрлай қояр не бар дейсіз?

- Неге жоқ, көп ақша бар... Ас үйдің еденіне жасырылған көп ақша бар болатын.

«Мұны неге қоңырсытып тұрмын?». Сасып қалған ханым аузын баса қойды.

- Ендеше, менің жан құралымды сіз алыңыз, оң қолым жаралы еді, қару ұстай алмаспын, пышағыңызды маған беріңіз.

Ханым бір сәт қайтерін білмей бөгеле берді. Десе де, есік құлпын бұзып жатқан дыбыс және естілген соң, пышағын солдатқа беріп, оның қаруын ала қойды.

- Есікке жақын барыңыз да есік ашылысымен оқ шығарыңыз. Құралдың таңдайында алты тал оқ бар болатын. Десе де, ол жерге құлап, қыбырсыз қалғанша оқ шығара беріңіз. Мен сіздің артыңызда тұрып, екіншісіне төтеп берейін, алдымен шырақты сөндіріп тастауымыз керек.

Үй іші бір мезет көзге түртсе көргісіз қап-қараңғы бола қалды. Есіктегі тықыр да тына қалып, енді бірдеме бұралып жатқандай дыбыс шықты да есік құлпы жерге түсіп кетті. Есік ашылып, үсті-басы ақ қырау болған біреу кіріп келе жатқанын ап-анық көрген ханым мылтық шүріппесін басып қалды. Әлгі құлап түсті. Тағы бір қарағанында ол тырбыңдап тұрып келе жатыр екен. Ханым шүріппені тағы басып қалды. Бұл жолы әлгі адам бетін там қабырғасына соққан бетінде бүктетіле жығылып, қимылсыз қалды.

Солдат жақындап келді де:

- Жалғыз-ақ адам екен ғой, ханым, нағыз мергеннің өзі екенсіз-ау! - деді. Сосын мәйітті шалқалата берді. Қарақшы бетіне бүркеншік тағып алған екен. Солдат оның бүркенішін сыпырып алды.

Ханым жақындап келіп, мәйіттің бетіне үңіле берді.

- Бұл адамды танисыз ба? - деп сұрады солдат.

- Мүлде көрмеген адам сияқты ғой.

Әйел бұрын болмаған батылдықпен мәйітке төне түсіп, өзін тонамақшы болған жанның бетіне бажайлай қарады. Мәссаған! Оны тани қойды, үрейін алған бұл қарақшы өзінің күйеуі боларын мүлде ойламаған еді.

Аударған: Ришат Сабырбай

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: netbian.com

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 05 наурыз 2014, 20:14
Пікірлер
+0
06 сәуір 2014, 23:55

Неге өйтті екен? Әйелін кінәлі еткісі келді ме? Өкінішті! Аударманың кей жерінде диалект кездеседі, бірнеше рет оқымаса түсінбей қаласың.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.