Махаббат жайлы әңгіме (жалғасы)

Махаббат жайлы әңгіме (жалғасы)

Басы...

Энн Тейлордың Боб Спеллингпен кездесуінде бар болғаны осылар ғана - бір-екі көбелек-данаидтар, Диккенстің кітабы, оншақты шаян, төрт сэндвич пен апелсин шырыны бар екі бөтелке.

Келесі дүйсенбіде Боб мисс Тейлорды үйі алдында күтіп тұрды, бірақ неге екені белгісіз ақыры күткені болмай шықты. Кейін білгендей, ол әдеттегіден ерте шығып, мектепке жетіп қойыпты. Сол күні басы ауырғанына байланысты мектептен ерте сұранып, оның орнына соңғы сабақты басқа бір мұғалім өткізді. Сабақтан соң оның үйіне тартты, бірақ, еш жерден көре алмады. Боб есікке қоңырау шалып көргісі келді де, бірақ, бұлай жасай алмады.  

Сейсенбі күні кешкісін сабақтан соң екеуі үнсіз тыныштықта сыныпта болды. Боб осы бір кеш таусылмастай, тақтаны тазалап жатты, ал мисс Тейлор отырған күйі  құдды осы бір тыныштыққа, бақытты тыныштықтың осы бір соңы болмайтындай дәптер тексеріп отыра берді. Кенет заң мекемесінің алдындағы сағаттың даусы естілді. Қоңырқай қола дауыс мектептен бір квартал жерден шығып тұратын. Даусынан бүкіл дене түршігіп, уақыт төбесі көрінуі мұң екен, ол қанға сіңіп, олар минут өткен сайын қартайып бара жатқандай болды. Есеңгіреткен осы бір соққылардан уақыттың ағын күшін сезінбей тұра алмайсың. Бестің соққаны сол екен, мисс Тейлор кенет басын көтерді де, сағатына ұзақ қарап тұрып қалды. Сосын қолын түсірді.

— Боб, — деді. 

Ол үрке бұрылды. Бұған дейін бір кеште екеуі де бір ауыз сөз қатыспаған болатын.

— Бері келші, өтінем, — деп сұрады. 

Ол ақырын ғана матасын тақтаға қойды.

— Жақсы.

— Отыршы, Боб.

— Жақсы, мэм.

Белгілі бір мезетке дейін ол оған ұзақ қараумен болды, ақырында ол да қарады.

— Боб, біліп тұрған боларсың, сенімен не туралы әңгімелескелі отырғанымды? Аңғарып тұрған шығарсың?

— Иә.

— Мүмкін, сен өзің бірінші айтқаның дұрыс болар, бірінші?

Ол бірден жауап қатпады:

— Біз жайлы.

— Сенің жасың қаншада, Боб?

— Он төртінші жыл.

— Әлі он үш жас.

Оның қабағы шытылды.

— Иә, мэм.

— Менің жасым қаншада, білесің бе?

— Иә, мэм. Мен естігем. Жиырма төрт.

— Жиырма төрт.

— Он жылдан соң менің де жасым жиырма төртте болады, - деді. 

— Бірақ, қазір, өкінішке орай, жиырма төртте емессің ғой, - деді ол. 

— Иә, ал мен кейде өзімді толыққанды жиырма төрттегідей сезінемін.

— Тіптен, кейде өзіңді жиырма төртке толып қойғандай ұстайсың.

— Иә, солай ғой?

— Тынышталшы, дегбірсіздене берме, бізге көп нәрсені айту керек. Өте маңызды, біздің не түсінетініміз, не болып жатқаны, келісесің ғой?

— Иә, бәлкім.

— Алдымен біздің ең жақсы, ең үлкен достығымызды мойындайық. Мойындаймын, бұрын-соңды менде сен секілді оқушы болған емес және ешқашан бірде-бір балаға саған қарағандай жақсы қарамаппын. - Осы сөздерді айтып жатқанда Боб қызарды. Қарайды, сұрланды. Ал ол жалғастыра берді: — Және сенің орныңа да сөйлеуіме рұқсат бер. Сенің ойыңша, ешқашан мұндай сүйкімді оқытушыны көрген емессің.

— Олай емес, одан да зорын, — деді ол.

— Мүмкін солай да шығар, бірақ шындықтың көзіне тура қарау керек қой. Дәстүрге, қалаға, оның жұртшылығы сен туралы,  мен туралы не ойлайтынын ескеруіміз тиіс. Мен осының барлығын көп күн бойы ойландым, Боб. Бір нәрсені қалыс қалдырды немесе өз сезіміне есеп бере алмайды деп ойлап қалма. Кейбір жағдайға мән бере отырып, біздің достық шынында да біртүрлі болар еді. Бірақ сен ерекше баласың. Өзімді, менің ойымша, жақсы білемін және есімнің саулығын, жаным мен тәнімнің саулығын жақсы білемін деп есептеймін, менің саған деген қарым-қатынас түсінігім қаншалықты орын алмасын, сенің ерекшелігің мен ішіңде жатқан сол жақсы адам туғызып отыр. Біздің әлемде, Боб, бұл есепке алынбайды, оған қоса әңгіме тек адамның жасында емес. Ашып айта алғанымды да білмедім.  

— Бәрі түсінікті, — деді ол. — Жай ғана он жылға үлкен, бойым отыз сантиметрге биік болғанда, бәрі басқаша болар ма еді, — деді, — Бірақ, бұл ақымақтық қой — адамды ұзындығына қарап анықтау деген.

— Бірақ, барлық адамдар мұны ұғынықты деп санайды. 

— Ал мен — бәрі емес, — деп қарсы сөйледі ол.

— Мен түсінемін, сенің ойыңша бұл қисынсыз көрінер, - деді ол. - Өйткені, сен өзіңді үлкен сезінесің, бұдан ұялатын түк те жоқ. Саған шынында да еш нәрсеге ұялудың қажеті жоқ, Боб, осыны есіңе сақта. Сен әділ, таза, адал болдың және мен де солай болған шығармын. 

— Иә, сіз де, — деп растады ол.

— Бір уақыттарда адамдар саналы әрі әділ болар, адамның жанының жасын анықтап, сосын: "Бұл қазірден ержүрек, әйткенмен денесіне он үш жас болса да", - дер. Бізге беймәлім бір кереметке байланысты, бақытқа орай, ер адам сол бір  жауапкершілігімен әлемдегі өз орнын, өз міндетін табар. Бірақ, ол күнге әлі ерте, Боб, ал қазір екеумізге жас пен боймен санаспасқа болмайды ма деп қорқамын. Қазіргі әлемде солай қабылданған. 

— Маған бұл ұнамайды, —  деді ол. 

— Маған да ұнамауы мүмкін, бірақ сен саған қазіргіден де жаман болғанын қаламайтын шығарсың? Екеуміздің де бақытсыз болғанымызды қаламайсың ғой? Ал бұдан құтылып кете алмайсың. Маған сенсең, екеумізге еш айла жоқ... Екеуміз жайлы айтып отырғанымыздың өзі төтенше дүние. 

— Иә, мэм.

— Бірақ, біз асып кеткенде бір-біріміз жайлы ойлауға келгенде әділ, дұрыс және өз-өзімізді лайықты ұстадық. Бір-бірімізді дұрыс түсінгенімізде тұрған түк ақымақтық жоқ және теріс нәрсе туралы ойлап көрмедік те. Өйткені, біз өзімізге өрескел еш нәрсені ойламаймыз, шын емес пе?

— Иә, әрине. Бірақ, мен өзіме еш айла қыла алар емеспін.

— Енді бізге ары қарай қалай болатынын шешу керек, — деді ол. — Әзірше бұл жайлы екеуміз ғана білеміз. Екеумізге ғана белгілі. Ал сосын, өзгелер де біле жатар. Мен басқа мектепке ауысып кете алам...

— Жоқ!

— Онда, мүмкін сені басқа мектепке көшіру керек?

— Бұл қажет емес, — деді ол.

— Неге?

— Біз көшкелі жатырмыз. Енді Мэдисонде тұратын боламыз. Келе жатқан аптада көшеміз.

— Осы үшін емес болар, солай ма?

— Жоқ-жоқ, бәрі дұрыс. Жай әкеме сол жақтан орын тиіпті. Мэдисонға дейін бар-жоғы 50 миль ғана. Қалаға келіп тұрғанда сізді көре аламын ғой, солай емес пе?

— Сенің ойынша, бұл орынды ма?

— Жоқ, мүмкін орынсыз шығар. 

Олар тыныштықта тағы біраз отыра тұрды.

— Бұл қашан? — деп Боб дәрменсіз сұрақ қойды.

— Білмеймін, — деді ол. — Мұны ешкім де білмейді. Білмей келе жатқанына мыңдаған жылдар болған шығар, менің ойымша, білмек те емес. Адамдар бір-бірін сүйген, сүймеген тұста және бір-бірін сүюге тиіс емес жерде махаббат туылады. Өзімді түсіне алмаспын, сенде де солай шығар?

— Солай шығар, мен үйге қайттым, — деді ол.

— Сен маған ренжімейсің ғой, иә? 

— Не дегеніңіз, жоқ әрине, мен сізге ренжи алмаспын. 

— А, тағы да. Мыналарды есіңде сақтағаныңды қалаймын: өмір үнемі аяусыз өшігумен болады. Үнемі өшігумен болады. Онсыз өмір сүре алмас та шығар. Саған қазір жаман шығар, маған да солай. Бірақ, сосын бір қуаныш келері анық. Сенесің ғой? 

— Жақсы болар еді.

— Илан, бұл шындық.

— Егер болса ғой… — деді ол.

— Егер болса не?

— Егер болса сіз мені күтіп тұра алғанда, — деді ол ойланбастан.

— Он жыл?

— Сол уақытта маған жиырма төрт толар еді.

— Ал маған отыз төрт, мүмкін мен мүлдем өзгерермін. Жоқ, менің ойымша, бұл мүмкін емес.

— Ал сіз қалар ма едіңіз? — деді, дауысы айрықша шығып кетті.

— Иә, — деп жай ғана жауап берді. — Ақымақтық ғой, бұдан еш нәрсе шықпас еді, бірақ мен өте, өте қалар... 

Олар үнсіз ұзақ отырды. Ақыры сөйледі:

— Мен сізді ешқашан ұмытпаймын.

— Жақсы айттың, бірақ бұлай болмақ емес, өмір бұлай құрылмаған. Сен ұмытасың.

— Ешқашан ұмытпаймын. Бірдеме ойлап табармын, бірақ, сізді ешқашан ұмытпақ емеспін, —деді ол.

Ол орнынан тұрды да, тақтаны тазалауға кірісіп кетті.

— Мен сізге көмектесемін, — деді ол.

— Жоқ-жоқ, — деп асығыс қарсы жауап берді ол. — Кет, Боб, үйіңе бар және ендігәрі сабақтан соң тақта тазалаудың қажеті жоқ, мен мұны Элен Стивенске табыстаймын.

Ол мектептен шықты. Аулада соңғы рет артына қарады, тағы да терезеден мисс Энн Тейлорды көрді  — ол тақта алдында майда жазумен түскен бор жазуларды өшіріп тұрды, қолы жоғары-төмен, жоғары-төмен қозғалып жатты. 

Келесі аптада ол қаладан кетті және он алты жыл оралмады. Бар-жоғы елу миль жерде өмір сүрсе де, бірде-бір рет Гринтаунге келмеді. Бірақ, бірде көктемнің бір әдемі кешінде жасы отыздың асқан жазушы Чикагоға бара жатқан жолда әйелі екеуі Гринтаундағы қонақ үйге аялдады. 

Әйелін қонақүйде қалдырған соң, ол өзі жалғыз қаланы аралауға беттеді. Ақыры мисс Энн Тейлорды да сұрады-ау. Бірақ, алғашында ешкім оны есіне түсіре алмады, танымай жатты. Тек біреу ғана есіне түсірді: 

— А, иә, әлгі әдемі мұғалім ғой. Отыз алты жасында (сен осы қаладан кеткен соң) көз жұмған болатын.

Тұрмысқа шықты ма екен? Жоқ, есінде жоқ болып шықты, соған қарағанда тұрмысқа шықпаған секілді.

Түскі уақытта молаға барып, оның қабірін тауып алды. «Энн Тейлор, 1910 жылы туылған, 1936 жылы көз жұмды», - қабір тасында осылай деп жазылған. Сосын ойлап қараса: "Жиырма алты жыл. Енді мен сізден үш жылға үлкен екенмін ғой, мисс Тейлор" - деді. 

Сол күні гринтаундықтар кешкі уақытта Боб Сполдингке қарсы бара жатқан әйелді көрді, емен-қарағайдың арасынан өткен жасыл көлеңкеге барлығы қарап тұрды, қарап тұра бергісі келді - ол жаздың жаймашуақ көрінісі болатын, ақ қардың арасындағы ғажайып шабдалы тұғын, құдды жүгері қауыздарына құйылған ерте маусымдағы аптап ыстықтағы салқын сүт секілденетін. Табиғатта бәрі өз үйлесімімен мамыражай жайлы күн орнаса, үйеңкі жапырағының нұрлы желдің жеңіл самал есуіндегі осы бір санаулы күндер, күнтізбедегі бұл күндер Боб Сполдингтің әйелінің есімімен аталуы тиіс болатын. 

 Рэй Брэдбери 

Аударған: Әкежан Дәкен

сурет: astrology.gr 

Л. Лига