Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Аударма / Тоон Теллеген. "Менің әкем"

Тоон Теллеген. "Менің әкем"

Тоон Теллеген.

Тоон Теллегеннің осы бір шағын әңгімесін ұсынуды жөн көріп отырмыз. Оқып шығуға кеңес етеміз. Әсіресе, әкесін жақсы көретін жандарға арналған.

* * *

Менің әкем ашуланып кетті.  

Оның көздерінен жарқыл ұшты, ақырында үстел мен орындықтар бірден отқа оранды. 

Менің шешем өртті өшіріп үлгеру үшін анда-мұнда су толы шелекпен жүгіріп жүр. 

Ал сосын ол ашулануын доғара бастады. Бірақ та, бұл уақытта үстел, орындықтардан түк қалмаған еді. Шкаф есіктері бір-бірімен түйісіп қалған, ал картиналардың барлығы қара күйе оранған. 

Менің әкем жылап жіберді.

- Осы-осы, - деді менің шешем. - Өтірік көз жасы.

Көз жасы үлкен тамшылардан түзілген. 

Ол терезе алдында отырды, ал ұртынан төмен аққан көз жасы бірсін-бірсін түйдектеле бастады. Онда, тіпті, бір бас сұғып алатын да, ескек есіп қайықпен жүзуге болатын да, және, тіпті де, үлкен қызыл шар секілді күн отырған да көз жастары болды. 

Қазір мен, әрине, асырып айтудамын. 

Бірақ, менің әкем шындығында өте қатты ашулана алады. Және оның көздерінен жарқылдар ұшуы мүмкін. Ал кейде ол өз ішінен өртеніп отырса, сол сәтте менің шешем бір шелек суды үстіне төге салуды әдетке айналдырған, одан бұның тұла бойы пышылдап, күллі денесінен бу шығады. 

Ал сосын бұлқан-талқан ашуланып, мұңая алады.  

Ол кезде біз ақырын ғана бөлмеден шығып кетеміз. 

- Ч-ш-ш-ш - дейді сыбырлап қана менің шешем. - Қайғыруда. 

Сол кезде бүкіл үйге бірден мұң орнайды. Тіпті де, орындықтар солықтап жатады. Менің айтқым келетіні: үй заттары да мұңлы болуы әбден мүмкін ғой. Шанышқылар да, пышақтар да. Ал егер кранды ашар болсаңыз, онда одан көңілсіз су ағып тұрмақ.

Бірақ, есесіне, менің әкем қуанып жүргенде, тіпті де, қабырғада тұрған картиналар да күлкіден іштері түйілгендері соншалықты, кейде еденге түсіп қалып жатады.

Ал үстел болса қарқылдап күлгеннен аяқтары сықырлап кетеді. 

Болды, енді. Мен тек менің әкемнің дүниедегі барлық нәрсені істей алатындығын айтқым келген-ді. Бақытты, бақытсыз және қуанышты бола алу. Немесе жай ғана қарапайымдылық. Алайда, мұнысы ара-тұра болмаса.

* * *

Әкеңізді жақсы көресіз бе?

сурет: vk.com 

Аударған: Фараби Арыстанбек

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 26 шілде 2013, 17:20

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.