Андрей Николаев. Сәуегей

Андрей Николаев. Сәуегей

Таңсәріден біреу келіп есік қақты. Қарасам бір милиция мен үш бейтаныс еркек тұр екен.

- Біз сізбен сөйлескелі келдік, – деді де милиция әлгі үшеуіне бұрылып, – осы кісі ме? – деді.

- Бізде сөйлесе қоярлық не болмақ? – дедім мен.

Осы кезде аласа бойлы семіз еркек сөзге араласты:

- Сіз кеше күндіз біздің аяқ киім дүкенімізге бардыңыз ғой. Анау бұрылыстағы дүкен. Тек кетер кезіңізде әнеу қымбат бағалы аяқ киімдерді біреу ұрлап кетпеуі үшін есіктің көзіне қоймай, үлке залға қою керек дедіңіз.

- Мен қате сөйледім бе?

- Сіз кетіп екі сағаттан соң дүкенімізде айтқандай-ақ бірнеше жұп аяқ киім жоғалды.

- Мен інжу-маржан дүкенінің қожайынымын, – деп сөз бастады биік бойлы арық еркек, – сіз кеше кеште дүкеніме бардыңыз, тек шығып бара жатып күзетшіге маржан салынған шкаптардың әйнегі өте жұқа екен. Алда-жалда біреу түртіп қалып сындырып, ішіндегі алқа-моншақтарды сыпырып әкетеді ғой депсіз...

- Жәй айта салып ем.

- Алайда сіздің сол қалжыңыңыздан екі сағат өткен соң дүкенімізді тонап кетті.

- Сіз не жоғалттыңыз? – деп сұрадым қаба сақал еркектен.

- Қазірше ештеңе жоғалтқан жоқпын. Бірақ, менің білгім келетіні, мұндай іс менің басыма қашан келер екен?

- Не деп тұрсыз, деніңіз сау ма? – дедім мен не ашуланарымыды, не күлерімді білмей, – мүмкін өстіп менімен мылжыңдасып тұрғанда әлде біреу көлігіңізді айдап қашып бара жатпауы ғажап емес қой!..

Мен сөзімді аяқтамай жатып оның телефоны шырылдай жөнелді. Минут өтпей-ақ оның өңі бозарып, қолы дірілдеп кетті.

- Сіз тағы дәл басып айттыңыз. Әйелімнен телефон келді. Біреу машинамды ұрлап кетіпті.

Осы кезде ғана милиция сөзге араласып:

- Сізбен неге сөйлесуге келгенімізді енді түсінген шығарсыз...

Аударма: Алшын Матай

Сурет: senkazakh.com

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік жылдарындағы азалы күндер
Тәуелсіздік жылдарындағы азалы күндер
Әлемдегі дамыған қалалар. Алматы қай орында?
Әлемдегі дамыған қалалар. Алматы қай орында?
Қазақстанда 13 шілдеде бір минут үнсіздік жарияланады
Қазақстанда 13 шілдеде бір минут үнсіздік жарияланады
Күн ыстықта кофе ішудің зияны
Күн ыстықта кофе ішудің зияны
Коронавирусты адамның дауысына қарап анықтамақ
Коронавирусты адамның дауысына қарап анықтамақ
Балалардың еркелігі мен қыңырлығы. i-balaqai жобасында Елена Бурьевая
Балалардың еркелігі мен қыңырлығы. i-balaqai жобасында Елена Бурьевая