"Моби Дик немесе Ақ киттің" астарында не жатыр?

"Моби Дик немесе Ақ киттің" астарында не жатыр?

Герман Мелвилл (ағылш. Herman Melville; 1 тамыз 1819 — 28 қыркүйек 1891) — америкалық жазушы, әрі теңізші. Ол алғашында жоқшылықтың кесіренен кемеде юнга болып жалданып кейіннен 4 жыл бойы мұхитта түрлі шытырман оқиғаларды бастан кешіреді. Адам жегіштердің қолына тұтқынға түсіп, олардың арасында 1 ай тұрады. Кейін ол аралдан да қашып шығып басқа кемеге жалданады. Әр кемеге бір жалданып жүріп, 4 жыл дегенде туған жеріне оралады. Еліне келсе ештеңе өзгермеген, қалтасы баяғыдай тесік. Жұмыс жоқ. Тек оның адам жегіштер туралы әңгімесін көпшілік ұйып тыңдайтын. Осылай оған кітап жазу туралы ұсыныс білдіре бастайды. Алғашында оңай болмағанмен оның тырнақалды "Тайпи" романы жас жазушыға үлкен даңқ алып келеді. Бұл қаламгердің атақты "Моби дик немесе Ақ кит" романына баратын алғашқы жолы еді.

"Моби Дик немесе Ақ киттің" қысқаша мазмұны

Ысмайыл есімді жас жігіт ақшадан қиналып жүреді. Ол құрлықтағы өмірден жалығып, кемемен жүзуге бел буады. Ысмайыл Нантукеттегі ең көне жүк тасымалдау компаниясына жұмысқа орналасады. Жолда ол порт ауылында демалуды ұйғарып, шіркеуге барады. Шіркеу Құдайдың жазасынан аулақ болуға тырысқан Левиафан мен Жүніс пайғамбар туралы оқиға баяндалады. Қонақ үйде жас жігіт гарпуншы Квекегпен кездесіп, бірден дос болып, бірге Нантукеттеге жұмысқа орналасады.

Кемеде Ысмайыл капитан Ахабтың әңгімесін біледі. Алдыңғы сапарында капитан Ахаб китпен айқасып, аяғынан айырылған екен. Сол кезден бастап капитан ылғи күңіреніп жүретін, кейде есінен танып қалатын. Ол сол ақ китке кектеніп, тек соны аулуды ойлап жүреді.

Кемеге алғаш рет мінген Ысмайыл алдымен кит аулайтын кемедегі сауда мен қызметпен танысады.

Балықшылар китке "Моби Дик" деген ат қойған. Кит өзінің қатыгездігімен және алыптығымен, қулығымен барлық кемелерде қорқыныш тудыратын. Кит әрқашан адамдармен жекпе-жекте жеңіске жететін. Капитан Ахаб Моби Дикті іздейтінін және оны аулуйтынын мәлімдеген кезде оның көмекшісі Старбак наразылық білдіріп, «кек алу жаман нәрсе» дейді. Ахаб оны тыңдамайды. Басқа матростар бұйрықты орындауға шешім қабылдап Моби Диктің өлімі үшін бір стақаннан ром ішеді.

Алайда Моби Дик бірден табыла қоймайды бұл Ахабтың психикасына қатты әсер етеді. Жол бойындағы кемелермен әрбір кездесуде капитан олардан ақ кит туралы сұрайды. Ақыры мұхиттың ортасында «Пекод» атты кит аулайтын кемеге тап болады. Кеме капитаны Моби Дикті гарпунмен ұрып, қолынан айырылған екен. Ол кемедегі адамдар Ахабқа ақ киттің қайда кеткенін айтады. Старбак капитанды тоқтатқысы келеді, бірақ ол тыңдамайды. Ахаб кемедегі темір ұстаға мықты болат гарпунға тапсырыс береді.

Ысмайылдың гарпуншысы Квикег дымқыл қоймада жұмыс істеп жүріп ауырып қалады. Өлімінің жақындағанын сезіп, ұстаға қайық табытын жасап беруді өтініш етеді. Уақыт өте келе ол айығып, Ысмайыл екеуі табыттың ішінен құтқарушы кеме жасауды ұйғарады. Теңізшілер құтқару табыт-қайығын кеменің артқы жағына іліп қояды.

Алтын дублонда кеме китті кездестіреді. Қуалау 3 күнге созылады. Китті азғыру үшін капитан қайықпен мұхитқа түседі. Моби Дик қайықтың айналасында шеңбер жасайды. Ахаб гарпунмен китті өлтірмек болады. Гарпунды көрген Моби Дик тез жүзіп кетеді. Түні бойы кеме киттің артынан жүзеді.

Үшінші күні де мұхитта акулалар арасында кеме киттің артынан алға ұмтылады. Ашулы кит, артынан қалмаған кемені бұрылып келіп соғады. Кемеде тесік пайда болып, суға батады. Ақыры Ысмайылдан басқаның бәрі суға кетеді. Ол табыттан жасалған құтқару қайығының арқасында аман қалады.

"Моби Дик немесе Ақ кит романы" 2021 жылы "Фолиант"  баспасынан қазақ тілінде жарық көрген.

"Ақ кит" романы өмірден алынған

Герман Мелвиллдің классикалық "Моби Дигі" шынайы өмірден алынған. Бұл 1819 жылы Массачусетстен балық аулауға шыққан Эссекс китшілерімен болған оқиға. Кемені алып ақ кит бірнеше рет соғып апатқа ұшыратады. Тек 20 адам ғана аман қалады, олар үш қайықпен ұзақ уақыт бойы жүзуге мәжбүр болған. Әрине, оған жазушының басынан өткен шытырман оқиғалары қосылған. Мысалы, романдағы алғашқы беттердегі китті суреттейтін деректер қаламгердің кит ағзасын, оны қалай аулауды жақсы білетінен дерек береді.

"Моби Дик" астарында не жатыр?

Жазушының замандастары қабылдап, түсінбеген жұмбақ "Моби Дик немесе Ақ кит" жүз жыл бойы ХІХ ғасырдағы ең ұлы америкалық роман саналды. Әдебиеттанушылар, мәдениеттанушылар мен философтар әлі күнге дейін Ақ кит бейнесінің астарында не жасырылғаны туралы айтысып, мәтіннен Библияның, Гомердің, Софоклдың, Рабленің, Сервантестің, Шекспирдің, Гетенің гипер сілтемелерін іздейді.

Романда Эдип туралы мифпен бірге құдайлардан от ұрлаған Прометей туралы аңыз да астарлап жеткізілген немесе жаңаша қайталанады. Шындығында, кит аулаушылар шығарған май жарықтандыру үшін қызмет етті және тек емдік емес, сонымен қатар сиқырлы қасиеттер спермацевт пен амберге жатқызылды. Өмірге қауіп төніп, кит аулау әрекеттері от ұрлайтын Прометейдің ерлігіне ұқсайды, сол сияқты Пеквод командасы да құдайдың жазасына ұшырайды. Яғни әлемде электр болмаған, мұнай табылмаған уақытта кит майы мұнайға тең еді. Оның майынан шам жағуға және түрлі мақсатта пайдаланатын. Сол үшін 2-3 ауқатты адамдар бірігіп, бір кемені капитан, экипажымен жалдап мұхиттан кит майын алдыратын. Былайша айтқанда кит майы алтынға пара-пар өнім болатын.

ХІХ ғасырдың ортасында "Моби Дик" жарияланған кезде адам әрекетінен туындаған экологиялық апаттар тақырыбы өте сирек көтерілді. Мелвилл "Құдайдың бұйрығымен" киттің қарнына түскен Жүніс туралы библиялық оқиғаға сілтеме береді. Ахаб пен Ақ кит арасындағы қақтығысты адам мен табиғат арасындағы күрестің метафорасы ретінде қабылдауға болады.

Т. Раушанұлы