Ай сайын 500 доллар беретін байқаудың екінші кезеңі басталды

Ай сайын 500 доллар беретін байқаудың екінші кезеңі басталды
Фото: turkystan.kz

Қазіргі Қазақстан туралы үздік роман үшін жыл сайын берілетін MECENAT.KZ әдеби сыйлығының екінші кезеңі басталды. Қазақстан туралы романдардың Mecenat.kz конкурсына енді шет елдегі қандастарымыз да қатыса алады.

Жұмыстар 2023 жылдың 15 мамырына дейін www.mecenat.kz сайтында қабылданады.

Жобаның бірінші кезеңі сәтті өткені баршаңызға мәлім. "Күлпет" атты қазақ тілінде жазылған роман жеңімпаз атанды. Бұл роман конкурстың www.mecenat.kz сайтында өткен халықтық дауыс беру нәтижесінде жеңді. Марапат көлемі ай сайын өмір бойы төленетін 500 доллар. Аталмыш сыйлық әлемдік деңгейдегі айта қаларлықтай ақпараттық жағдай болды.

Өзінің тырнақалды "Күлпет" романымен жеңімпаз атанған Қазығұл Шархан Нағыметұлы үшін 2022 жылдың 4 шілдесінде Алматыда «Freedom Support USA» бағдарламасы бойынша жедел ерікті аннуитеттік сақтандандыру шарты шығарылды.

Қазіргі таңда жеңімпаздың туындысы орыс тіліне аударылуда, сондай-ақ бұл роман 5 мың дана таралыммен "Arna-B" баспасынан кітап болып шығарылады.

Сонымен қатар жүлденің қосымша демеушілері табылды, олар ақтық сынға қатысушылардың кітаптарын 1 мың данадан басып шығаруға дайын.

Бірінші жылдың статистикасы:
Тіркелген автор саны: 164
Сайтқа кірген адам саны: 62 мың
Дауыс бергендер: 6756
Жүктелген роман: 67
Халықтық дауыс беруге өткен роман саны: 21

Жүлде мақсаты – қазақстандық көркем әдебиетті және оны оқуға деген ынтаны дамыту, ел жазушыларының деңгейін көтеру және әлемдік кітап нарығына шығару.

Жобаға меценаттық көмек көрсетуші танымал қазакстандық кәсіпкер Тимур Турлов.

Әдеби сыйлықтың негізін қалаушы Ерлан Асқарбеков қазақстандықтарды конкурс жұмысына қатысуға шақырады.

"Біз барлық отандастарымыздан mecenat.kz сілтемесін керемет роман жаза алады деген достарына және туыстарына жіберуді өтінеміз", - дейді ол.

Сыйлық қағидаттары:
- мемлекеттік бюджеттен толық тәуелсіз. Мемлекеттік органдардан тек қана ақпараттық қолдау күтеміз;
- мүдделердің ашық және жасырын келіспеушілігін тудыруға себеп болатын қазылар алқасынан бас тарту;
- ақтық сынға қатысушылар кинопродюсерлермен және баспалармен тура марапаттау алаңында кездеседі.

Жүлде ұйымдастырушылары барша депутаттарды, жұлдыздарды, блоггерлерді және зиялы қауым өкілдерін әдеби конкурсқа ақпараттық қолдау көрсетуге шақырады.

Бас ақпараттық демеуші - «Qazaqstan TV» Ұлттық телеарнасы.

Ақпараттық демеуші - «НҰР-Медиа» холдингі.

Жобаның серіктестері – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

Т. Раушанұлы