Республика күніне орай жас ақындар мүшәйрасы өтеді

Республика күніне орай жас ақындар мүшәйрасы өтеді

Әлихан Бөкейхан Университеті Қазақстан жазушылар Одағы Абай облысы филиалы бірлесе отырып, Ұлттық мерекеміз — Республика күнінің құрметіне, қазан айының 19 жұлдызында «РЕСПУБЛИКА КҮНІ — АҚЫНДАР ҮНІ» қалалық жас ақындар мүшәйрасын өткізеді.

Мүшәйраның мақсаты – Қазақстан Республикасының егемендігін, тәуелсіздігін жырға қосып, елдігімізді, еркіндігімізді дәріптеп, әлем алдындағы абыройымызды тілге тиек етіп, ұлт бірлігін ұлықтау.

Мүшәйра жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, тұлға болып қалыптасуына ықпал етуді, өлке әдебиеттінің өркендеуіне үлес қосып, көпшіліктің көркем әдебиетке қызығушылығын арттыруды көздейді.

Мүшәйраға 16-25 жас аралығындағы ақындар қатыса алады.

Мүшәйраға бір автордан екі өлең қабылданады:
1) тақырыптық өлең
2) еркін тақырыптағы өлең

Өлеңдер adauletkyzy01@mail.ru электронды поштасына 2022 жылдың 18 қазанына дейін жолдануы тиіс. Автор туралы мәліметтер шығармамен қоса жіберіледі (ақынның қысқаша өмірбаяны мен фотосуреті, байланыс мәліметтері).

Байқауға жолданған шығармаларды әділ-қазылар алқасы сараптайды. Іріктелген ақындар 19 қазан күні Әлихан Бөкейхан Университетінде өтетін мүшәйраның ақтық сынына шақырылады.

Ақтық сыннан сүрінбей өтіп, әділ қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған жеңімпаз бен жүлдегерлер келесідей сыйлықтарға ие болады:

Бас жүлде – 100 000 теңге
Бірінші орын – 75 000 теңге
Екінші орын – 50 000 теңге (екі адам)
Үшінші орын- 25 000 теңге (үш адам)

Жүлделі шығармалар арнайы мүшәйра жырларының жинағына енеді.

Барлықтарыңызды жыр додасында бақ сынауға шақырамыз, достар!

Қосымша сұрақтар бойынша +7-777-749-84-61 номеріне хабарласуға болады.

Т. Раушанұлы