16 қыркүйекте қандай әдеби мереке тойланады?

16 қыркүйекте қандай әдеби мереке тойланады?

16 қыркүйекте Италияның Верона қаласында ерекше әдеби мереке тойланады. Себебі бұл күн — Джульеттаның туған күні. Ал ғашықтар жыры кейіпкерінің туған күнін дәл анықтау мүмкін бе деп ойласаңыз, мақаланы соңына дейін оқыңыз.

Шекспирдің "Ромео мен Джульетта" трагедиясында қыздың әлі 14 жасқа толмағаны жазыла да, одан сезімге қатысты кеңес сұрап жолданған хаттар толассыз келіп тұрады. 

1972 жылы Джулио Тамассиа негізін қалаған Club di Giulietta аталатын, яғни, Джульетта клубының мүшелері сол хаттарға жауап жазады. Жыл сайын клубқа электронды поштаны қосқанда 5000-ға жуық хат келеді. Бірде-бір хабарлама жауапсыз қалмайды.

Джульетта Капулеттидің туған күніне орай мерекелік іс-шаралар өткізіледі: спектакльдер, фестивальдар, карнавалдар. Бұл күні кәсіби жазушыларға арналған «Scrivere per amore» әдеби сыйлығы беріледі және, әрине, кеш дастанның экранизацияларын тамашалаумен жалғасады.

Джульеттаның нақты қай күні дүниеге келгенін анықтау үшін тарихшылар трагедияның барлық оқиғаларын мұқият зерттеген. Шекспирдің айтуынша, Верона билеушісі — Эскалус герцогы, сеньор Бартоломео Делла Скала болған. Бұл 1301-1304 жылдары аталған қалада билік еткен адам.
Күтуші бір әңгімесінде қамқорлығындағы қыздың егін мейрамы күні туғанын айтады: «Even or odd, of all days in the year, Come Lammas Eve at night shall she be fourteen». 

Әдеби туынды мәтінінде астрономиялық күнтізбе бойынша 1302 жылы мамыр айында болған Пасха да айтылады.

Осы фактілерге сүйене отырып, доктор Джузеппе Вивиани Джульеттаның нақты туған күнін 1284 жылғы 16 қыркүйек деп белгіледі.

А. Оралқызы