Елімізде балалар шығармашылығына арналған «Жас өрен» байқауы өтеді

Елімізде балалар шығармашылығына арналған «Жас өрен» байқауы өтеді
Фото: bards.su

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп атады. Осы орайда ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық – демографияық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия 2022 жылды шілде айының 25 жұлдызынан бастап балалар әні және балалар поэзиясына  (өлең, жыр, тақпақ) арналған ақындар мен композиторлар арасында республикалық байқау жариялайды.
 
Конкурстың өткізу тәртібі

Конкурс 2022 жылдың 25 шілдесінен бастап 15 қазан аралығында Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі.

Шығармалар еркін тақырыпта (отансүйгіштік, ата-анаға деген махаббат, елді қорғау, табиғат жайында және т.б.) жазылады. Конкурс шығармалардың түрі бойынша келесі екі номинацияларға бөлінеді:

Балаларға арналған әндер. Балабақша және мектеп жасындағы балалардың әндері.

Балалар поэзиясы. Еркін тақырыптағы тақпақ, өлең, жыр туындылары

Ескерту: Конкурсқа қатысу үшін бұрын көпшілік алдында орындалмаған, жарияланбаған және басқа конкурстарға қатыспаған туындылар ұсынылады.

Өтініш қабылдау

Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар өтініммен бірге мынадай құжаттар мен материалдарды қоса бере отырып, 2022 жылғы 25 шілдеден бастап  15 қазанға дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдер жібереді:

• PDF форматында жеке куәлігі құжатының көшірмесі;

• шығармашылық өмірбаяны;

1) Конкурска қатысушының 13х18 сантиметр өлшеміндегі түрлі-түсті фотосуреті (JPEG форматында);

2) туындының МР3 форматындағы аудиожазбасы;

3) Екі номинацияға да Word құжатындағы туындының мәтіні (қаріп – Times New Roman, мөлшері №14, жоларалық интервал – бір жолдық);

4) Әндер номинациясына партитура және клавир («Finale» немесе «Sibelius» ноталық редакторлар немесе JPEG немесе PDF форматындағы басқа ноталық редакторлар форматында).

5) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкте жеке шотының болуы туралы анықтама.

Өтінімдер мына электронды поштаға жіберіледі: zhas.oren@gmail.com Анықтама телефондары: 8 775 145 90 53

Конкурс ережесі

1. Конкурсқа қатысудан бас тартылған жағдайда, осы Қағидалардың тармағында көрсетілген құжаттар қатысушыларға қайтарылмайды.

2. Конкурсқа қатысушылар осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген бірнеше номинацияларға бір мезгілде қатыса алады. Әр номинация бойынша бір қатысушы бір өтініммен  бір туындыны ғана ұсынылады. Әнге қатысты шығарма өңделген (аранжировка) нұсқада болса болады.

3. Конкурсқа ұсынылған туындылар, рецензияланбайды және қайтарылмайды.

4. Байқаудың қорытындылары 2022 жылдың 25 қазанында жарияланады.

5. Номинация жеңімпаздары мен дипломанттардың туындылары Қазақстан Республикасының мәдениет ұйымдары мен шығармашылық бірлестіктерінің репертуарына қосу үшін ұсынылатын болады.

7. Номинация Номинация жеңімпаздары мен лауреаттарына ақшалай сыйақыларды төлеу олардың Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктегі жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

8. Ақшалай жүлделерді төлеу үшін Қазылар алқасының хаттамасы негіз болып табылады.

9. Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау салтанаты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында гала-концерт түрінде өтеді.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері: телефон: 8 775 145 90 53; электрондық пошта: zhas.oren@gmail.com

Конкурстың қазылар алқасы

Конкурстың Қазылар алқасы құқылы:

- лайықты туындылар болмаған жағдайда кез келген номинация бойынша жеңімпазды анықтамауға;

- Ақшалай жүлделерді (Гран-приді қоспағанда) бермеуге немесе жеңімпаздар арасында бөлуге құқылы.

Конкурс жүлдесі:

Бас жүлде1 000 000 (бір миллион) теңге екі номинацияға ортақ.

«Балаларға арналған әндер» номинациясы бойынша:

-  І орын (1 жүлдегер) - 700 000 (жеті жүз мың) теңге;

-  ІІ орын (2 жүлдегер) - 500 000 (бес жүз мың) теңге;

-  ІІІ орын (2 жүлдегер) - 300 000 (үш жүз мың) теңге;

-  Дипломант (3 жүлдегер) – 70 000 (жетпіс мың) теңге.

«Балалар поэзиясы» номинациясы бойынша:

-  І орын (1 жүлдегер) - 700 000 (жеті жүз мың) теңге;

-  ІІ орын (2 жүлдегер) - 500 000 (бес жүз мың) теңге;

-  ІІІ орын (2 жүлдегер) - 300 000 (үш жүз мың) теңге;

-  Дипломант (3 жүлдегер) – 70 000 (жетпіс мың) теңге.

Т. Раушанұлы