Елімізде «Айбоз» тұңғыш ұлттық әдеби сыйлығы табысталады

Елімізде «Айбоз» тұңғыш ұлттық әдеби сыйлығы табысталады
Фото: vokrugsveta

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Айбоз» тұңғыш ұлттық әдеби сыйлығына байқау жариялады.

Аталмыш сыйлықмына номинациялар бойынша өтеді:

• «Үздік проза»;

• «Үздік поэзия»;

• «Үздік драма»;

• «Үздік көркем аударма»;

• «Үздік балалар әдебиеті»;

• «Үздік комикс»;

• «Кітаптың үздік дизайны».

Жеңімпаздар 5 миллион теңгеден ақшалай сыйлықпен марапатталады. Конкурс нәтижесінен соң олардың еңбектері 500 данамен жарық көреді.

Байқауға отандық жазушылар қатыса алады. Өтінімдерді мына электронды мекенжайға 2022 жылғы 15 маусымнан 1 қазанға дейін жіберу қажет: aiboz@kitap-palatasy.kz.

Әдеби сыйлық жыл соңында тапсырылады.

Т. Раушанұлы