Букер сыйлығының шорт-листі анықталды

Букер сыйлығының шорт-листі анықталды
Фото: fabulabook

Букер сыйлығының шорт-листшорт-листіне өткендер тізімі белгілі болды. Нобель сыйлығының лауреаты Кадзуо Исигуро биыл бұл тізімге енді, - деп хабарлады сейсенбіде өткен баспасөз мәслихатында қазылар алқасының жетекшісі Майя Ясанов.

Букер сыйлығын алған азиялық қаламгерлер

Қысқа тізімге Америка Құрама Штаттарынан үш автор енген. Олар: 2019 Пулитцер сыйлығының лауреаты атанған Ричард Пауэрс "Есеңгіреу (Bewilderment) романымен, "Үлкен шеңбер" (Great Circle) кітабымен Мэгги Шейпстед және Патрисия Локвуд "Барлығы бұл туралы үндемейді" (No One is Talking About This) шығармасымен. Сонымен қатар, Шри-Ланкадан Анук Арудпрагазам ("Солтүстік өткелі", A Passage North), Оңтүстік Африкадан Дэймон Гэльгут ("Уәде", The Promise) және Сомалиден Надифа Мохамед ("Авантюристтер", The Fortune Men). Мохамедтің британдық төлқұжаты да бар.

Шорт-листке енген кітаптар 2020 жылдың 1 қазанында Ұлыбританияда немесе Ирландияда шығарылған 158 шығарма арасынан таңдалды. Сыйлық пен 50 000 фунт стерлинг (69 000 доллар) қаламақы иегерінің есімі қараша айының басында белгілі болады.

Айта кетейік, 1969 жылы негізі қаланған және бұрынғы Британ Достастығы елдерінің жазушыларына жыл сайын берілетін Букер сыйлығынан айырмашылығы, Халықаралық Букер сыйлығы 2004 жылы құрылып, 2016 жылға дейін екі жылда бір рет тағайындалып келген. Ол енді жыл сайын әдебиеттегі жетістіктері үшін қаламгерлерге беріледі.

Ағылшын тіліне аударылған және Ұлыбританияда немесе Ирландияда басылған кез келген кітаптың авторы жеңімпаз бола алады.

Өткен жылы шотланд жазушысы Дуглас Стюарт Shuggie Bain дебюттік романы үшін осы марапатқа ие болды. Ал, биыл француз жазушысы Дэвид Диоп "Жан бауырым" (Frère d’âme) романы үшін ағылшын әдебиетіндегі Халықаралық Букер сыйлығын (The 2021 Booker International Prize) жеңіп алды.

Т. Раушанұлы