Рахымжан Отарбаев атындағы республикалық байқау жарияланды

Рахымжан Отарбаев атындағы республикалық байқау жарияланды

Қазақтың классик жазушысы, дарынды драматург, ұлт жанашыры Рахымжан Отарбаевтың 65 жылдық мерейтойына орай "Рахымжан Отарбаев драматургиясы: "зерттеу мен зерделеу" атты республикалық байқау жарияланды.

Байқау "Рахымжан Отарбаев шығармашылығы. Әдеби сын" дәстүрлі республикалық байқау аясында   ұйымдастырылады. Байқаудың ұйымдастырушысы "Рахымжан Отарбаев Руханият қоры". Республикалық Байқауға қатысушылардың жас ерекшелігі шектеусіз.

Байқаудың мақсаты:

- Сын жанрында, соның ішінде кенжелеп қалған драматургиялық шығармаларды зерттеуде еңбек етіп жүрген ізденушілерді табу, ынталандыру, насихаттау;

- Рахымжан Отарбаевтың драмалық шығармаларын әдебиеттану саласының зерттеу нысанына айналдыру;

- Әлем және қазақ драматургтерімен салыстыра отыра Рахымжан Отарбаевтың драмалық шығармаларындағы басты ерекшеліктерді анықтау;

- Рахымжан Отарбаевтың драмалық шығармашылығындағы тарихи тұлғаларға, әлеуметтік, жалпы адамзаттық  тақырыптарға зерттеу жүргізу.

Байқау қорытындысы Рахымжан Отарбаевтың 65 жылдық мерейтойы қарсаңында Атырау қаласында өтеді (Карантин жағдайына байланысты қорытынды қашықтықтан өтуі мүмкін. Өзгерістер Қор парақшасында әлеуметтік желілерінде алдын-ала хабарланады).

 БАЙҚАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Байқауға келесі зерттеу бағыттары бойынша жазылған жұмыстар қабылданады:

І бағыт – "Рахымжан Отарбаев драматургиясындағы тарихи тұлғалар бейнесінің ашылу шеберлігі"

ІІ бағыт – "Рахымжан Отарбаев драматургиясындағы әлеуметтік,жалпы адамзаттық тақырыптардың ашылуы"

ІІІ бағыт – Еркін тақырып (кез келген отандық немесе шетелдік драматургтың  шығармасын зерттеу)

Байқауға қатысушылар 2021 жылдың шілде айынан бастап 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін өз жұмыстарын Қордың электрондық поштасына (rahimzhanruhaniat@mail.ru) жіберуі тиіс.

Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Қор басшылығы анықтайды. Қазылар алқасының құрамы беделді әдебиетшілерден, театртанушылардан, ғалымдардан тұрады.

Әр бағыттан тек бір қатысушы жеңімпаз атанады.

Байқау жеңімпаздары қаржылай сыйлықтармен марапатталады:

І бағыт – "Рахымжан Отарбаев драматургиясындағы тарихи тұлғалар бейнесінің ашылу шеберлігі" – 500 000 тг.

ІІ бағыт – "Рахымжан Отарбаев драматургиясындағы әлеуметтік, жалпы адамзаттық  тақырыптардың ашылуы" – 500 000 тг.

ІІІ бағыт – Еркін тақырып (кез келген отандық немесе шетелдік драматургиялық шығарманы зерттеу) – 250 000 тг.

Байқауға келіп түскен шығармалар Qalamger.kz әдеби-танымдық порталының Онлайн-Байқау  бөлімінде жарияланатын болады.

Т. Раушанұлы