Барак Обама жазда оқуға ұсынған кітаптар тізімі

Барак Обама жазда оқуға ұсынған кітаптар тізімі
Фото: esquire.com

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама осы жазда оқуға кеңес беретін 11 кітаптың тізімін ұсынды.

Бұл тізімге кейінгі жылдардағы бестселлерлерге айналған шығармалармен бірге, енді танылып келе жатқан қаламгерлердің туындылары, сондай-ақ, беделді әдеби сыйлықтардың лауреаттары енген.

Барак Обама ұсынған кітаптар тізімі:

"Жан бауырым" (Frère d’âme) шығарма авторы француз жазушысы – Дэвид Диоп.

"Жан бауырым" (Frère d'âme) – француз жазушысы Дэвид Диоптың романы, алғаш рет 2018 жылдың тамызында жарияланған. "Гонкур" атындағы лицей сыйлығымен (2018) және 2021 жылы ағылшынның беделді "Букер" сыйлығымен марапатталған. Ағылшын тіліне шығарманы ақын және жазушы Анна Московакис аударды.

Француз жазушысы Халықаралық Букер сыйлығына ие болды

Роман Бірінші дүниежүзілік соғыста Франция әскерінің қатарында соғысқан сенегалдық солдаттың тағдыры туралы баяндайды.

"Үлкен сандар елі" (Country of Big Numbers ) – шығарма авторы АҚШ жазушысы Те-Пен Чен

Қытайлық-америкалық журналист Те-Пен Чен өзінің дебюттік әңгімелер жинағы – "Үлкен сандар елі" кітабында Қытайда тұратын адамдардың оқиғаларын баяндайды. Оның кейіпкерлері – саяси белсенділер, кәсіпкерлер, ойыншылар және мемлекеттік бюрократияның барлық күшін сезінуге мәжбүр болған адамдар.

"Дерт империясы" (Empire of Pain: The Secret History of the Sackler Dynasty) – шығарма авторы детектив жазушы, журналист Патрик Радден Киф

"Дерт империясы: Саклерлер әулетінің құпия тарихы" – Патрик Радден Кифтің 2021 жылғы кітабы. Кітапта Purdue Pharma компаниясының негізін қалаған Саклерлер отбасының тарихы және олардың опиоид эпидемиясымен күресудегі рөлі баяндалған. Бұл кітап Кифтің Нью-Йорктегі Саклерлер отбасы туралы 2017 жылғы "Дерт империясын құрған отбасы" атты мақаласынан кейін жазылды.

Кітап сыншылардың жоғары бағасына ие болды. Дерт империясының опиоидтық дағдарыстағы Саклердің рөлі туралы басқа материалдардан ерекшеленетіндігін атап өтіп, бұл кітапты "негізінен отбасылық тарих" деп атады.

АҚШ-тың Ауруды бақылау және алдын алу орталығының мәліметтері бойынша, елде күніне 100-ден астам адам опиоидтан артық дозаланғаннан қайтыс болады.

"Хэйл Мэри жобасы" (Project Hail Mary) – шығарма авторы  америкалық жазушы Энди Вир

"Хэйл Мэри жобасы" – Энди Вирдің 2021 жылғы ғылыми-фантастикалық романы. Бұл оның 2011 жылғы "Марсианин" мен 2017 жылғы "Артемидадан" кейінгі үшінші романы. Романда амнезиямен ауырып, комадан оянған орта мектеп мұғалімі-космонавт Райланд Грейс өмірі баяндалады. Ол оянғанда адамзаттың жойылуына себеп болатын оқиғаны кері қайтару әдісін табу үшін Жерден 12 жарық жылы қашықтықтағы "Тау Кети" жүйесіне жіберілген адам екені есіне түседі.

Аталған шығарма бойынша фильм құқығын Metro-Goldwyn-Mayer сатып алды, ал актер Райан Гослинг фильмде Грейс рөлін сомдайды.

"Біз әлемді түсінуді тоқтатқанда" (When we stop understanding the world) – шығарма авторы Бенджамин Лабатут

Бенджамин Лабатут – чили жазушысы. Ол 1980 жылы Роттердамда дүниеге келген және сәби кезін Гаага, Буэнос-Айрес және Лимада өткізген. Ол Сантьягоға 14 жасында көшіп келген. Оның алғашқы әңгімелер кітабы – "La Antártica empieza aquí", 2009 жылы Мексикада Premio Caza de Letras сыйлығын және UNAM, Альфагуара марапаттаған иеленген.

Ерекше "деректі роман" кванттық механиканың негізін қалаушылар мен екі дүниежүзілік соғыстың апаттары арасындағы байланыстарды баяндайды.

"Ақ аспан астында" (Under a White Sky ) – шығарма авторы Элизабет Колберт

"Ақ аспан астында" – Элизабет Колберттің 2021 жылғы экология мәселелері қозғалған кітабы. Кітапта экологиялық апаттар тақырыбы зерттелген. көптеген тақырыптар жазылған. Адамзаттың қоршаған ортаға тигізген зияны мен технологиялық дамудың салдарынан пайда болған экологиялық дағдарыстарды шешу қазір қаншалықты қиын боларына тоқталады.

Кітапты оқырман қауым жылы қабылдады. The New York Times Қазіргі экологиялық дағдарыс туралы жақсы жазылған кітап деген шолу жасады.

"Біз суда жоғалтқан дүниелер" (Things We Lost to the Water) Эрик Нгуеннің романы

"Біз суға жоғалтқан дүниелер" – американдық жазушы Эрик Нгуеннің 2021 жылғы алғашқы романы.

Роман 1978-2005 жылдар аралығындағы бірнеше оқиғаны баяндайды. Оқиғаның көп бөлігі Нью Орлеанның (Луизиана штаты) төменгі аудандарында өрбиді. Хенг есімді әйел бес жасар ұлы Тюнь мен одан кіші Бин есімді балаларын алып Сингапурдың босқындар лагерінен Нью Орлеанға келеді. Оның күйеуі Кон Вьетнамда қалады. Өз тегімен байланыс орнатқысы келген Тюнь өсе келе жергілікті вьетнам бандасына қосылады. Ал оның босқындар лагерінде туылған інісі Бин ержеткесін профессор атағын алып, әдебиеттің жолымен жүреді.

Клара мен Күн (Klara and the Sun)  – шығарма авторы Нобель сыйлығының иегері Кадзуо Исигуро

Роман кейбір балалардың ақыл-ой қабілеттерін жақсарту үшін генетикалық жоспарланған ("мәжбүрлі") болашаққа құрылған. Оқыту тек экрандағы тәрбиешілердің қатысуымен үйде жүргізілетіндіктен, балалар қарым-қатынасы шектеулі. Оқиға Жеке компьютер атынан баяндалады, оның аты Клара. Клара ерекше ақылды және байқағыш болғанымен, оның әлем туралы білімі шектеулі. Клара өзі сатылатын дүкеннің терезесі арқылы көшені бақылау арқылы әлем туралы білім алады.

Обама сонымен қатар мынадай кітаптар тізімін ұсынды:

"Мына әлемді артта қалдыр" (Leave this world behind")  – Румаан Алам

"Судың тәттілігі" ("The Sweetness of Water") –  Натан Харрис

"Жақындық" (Intimacies) – Кэти Китамура

Жазға арналған библиографияны жариялау Барак Обама президент болғаннан бері келе жатқан дәстүр.

"Біз Ақ үйде болған кезімізде мен жазда оқу керек таңдаулы кітаптарыммен бөлісе бастадым.  Ол осы жылдар ішінде оқырмандар асыға күтетін кішкене дәстүрге айналдырдым, сондықтан мен көп кідіртпей, мына кітаптар тізімін ұсындым. Маған ұнағандай олар сізге де ұнайды деп үміттенемін", - деді Обама.

Бұған дейін Microsoft негізін қалаушы және миллиардер Билл Гейтс те осы жазда оқуға кеңес беретін бес кітаптың тізімін ұсынған болатын.

А. Оралқызы