Тегін оқыңыз: Кітап әуесқойларына арналған 7 қосымша

Тегін оқуға мүмкіндік беретін электронды кітапханалар бар. Және олардың артықшылықтары көп. Кітаптың аудио нұсқасын тыңдау, керек цитатаны көшіріп алу, интерфейсті талғамыңызға қарай өзгерту т.б. 

ЛитРес
ЛитРес – ТМД еліндегі ең танымал қосымшаның бірі. Орыс және ағылшын тіліндегі кітаптарды таба аласыз. Кітапхана қорында бір миллионнан астам кітап бар. Электронды кітапхана топтамасынан шетел әдебиетін, детектив, фэнтези, проза, психология және басқада ондаған жанрды кездестіресіз.

Платформа: Android, iOS

BookMate
Қосымшадан қазақ, орыс, ағылшын және әлемнің 12 тілінде оқуға мүмкіндік береді. Әлем әдебиеті, мектепке қажетті оқулықтар және атақты жазушылардың шығармаларын табасыз. Кітапты жүктеп алуға болады. Бір миллионан астам кітап және 45000-ға жуық аудиокітап бар. Жеті күн бойы қосымшаны тегін пайдалана аласыз. Одан кейін әр күнге 59 теңгеден төлеуге тура келеді.

Платформа: Android, iOS

Kitap
Қазақ тіліндегі кітаптарды оқуға және аудио нұсқасын тыңдауға арналған қосымша. Көркем, ғылыми, әлемдік әдебиеттің 6500-ге жуық түрін кездестіресіз. Kitap қосымшасы тіркелуді қажет етпейді.

Платформа: Android, iOS

Moon+ Reader
Кітапты кез келген форматта қиындықсыз жүктей аласыз. Қосымшадағы әрбір деталь ойластырылған: қаріп, түс, мұқаба сырты. Moon+ Reader қосымшасы тегін. Ал Moon+ Reader Pro қосымшасына айына 1890 теңге төлейсіз.

Платформа: Android

Wattpad
Wattpad – 10 миллион кітабы бар электронды кітапхана. Қосымшаға тіркелген басқа да пайдаланушымен тілдесе аласыз және пікір қалдыруға болады. Ең көп пікір алған кітап «танымал» бөліміне көтеріледі. Ағылшын, орыс және әлемнің 25 тілінде оқуға мүмкіндік береді.

Платформа: Android, iOS

MyBook
MyBook электронды кітапханасында 200 000-нан астам кітап бар. Бизнес, махаббат романдары, тарих, классикалық әдебиет, фантастика және басқа да жанрдағы кітаптарды кездесіре аласыз. Стандартқа жазылсаңыз айына 1390, премиум 3590 теңгені құрайды.

Платформа: Android

Comics Time
Комикс кітаптарды орыс тілінде оқуға мүмкіндік беретін алғашқы қосымша. IDW, Dark Horse Comics, Marvel, Image Comics, Bubble сияқты әлемдік компаниялардың кітаптарын оқи аласыз.

Платформа: Android, iOS

balbal.kz