"Саяси сатира" байқауы жарияланды

"Саяси сатира" байқауы жарияланды

Qamshy.kz ақпарат агенттігі тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "Саяси сатира" байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан қоғамының кескін-келбетін, бүгінгі жай-күйін, биліктің саяси портретін сатира жанрында бейнелейтін отты, уытты шағын шығармаларды жұртшылық назарына ұсыну, қазіргі қазақ сатириктеріне қолдау көрсету.

Байқаудың шарттары:

Шығарма көлемі А4 форматында 1-1.5 беттен аспауы тиіс. Шығарма саяси, қоғамдық, әлеуметтік сипатта өлең түрінде емес, сатиралық проза стилінде жазылуы міндетті.

Қатысушылардың жас мөлшеріне шектеу қойылмайды.

Өмірде бар кейіпкерлердің аты-жөні, нақты фактілердің шығармада көрсетілуіне рұқсат етіледі.

Конкурсқа қатысқан шығармалар бұған дейін еш жерде жарияланбаған болуы тиіс.

Бір автордың бірнеше шығарма жіберуіне болады.

Конкурс жабық түрде өткізіледі.

Жеңімпаз атанған шығармалар "Қамшы" сайтында жарияланады.

Қатысушы автор бүркеншік ат қолдануға ерікті.

Шығармалар авторға қайтарылмайды және "Қамшы" порталының интелектуалдық меншігі болып саналады. Конкурс жеңімпаздары жақында басталатын ауқымды жобаның авторлары ретінде келісім-шартпен жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болады.

Шығармалар satira.qamshy@gmail.com электрондық поштасына жіберілуі тиіс. Қатысушылардың аты-жөні, мекен-жайы, телефон нөмірі көрсетілуі міндетті. Қажет деп тапса бүркеншік аты қоса жазылуы қажет.
Шығармаларды қабылдау 20 маусым күні тоқтатылады.

Қосымша сұрақтар бойынша: 8 707 632 4597

Жүлде қоры:

Бас жүлде – 300 мың теңге ("Қамшы" порталының арнайы жүлдесі)

Оспанхан Әубәкіров атындағы жүлде – 100 мың теңге.

Қалтай Мұхаметжанов атындағы жүлде – 100 мың теңге.

Шона Смаханұлы атындағы жүлде – 100 мың теңге.

Шығарма авторларының аты-жөні көрсетілмей қазылар алқасына ұсынылады. Қазылар алқасының есімі жеңімпаздар анықталған күні жарияланады.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді