"Олжас Сүлейменов және таза планета"

"Олжас Сүлейменов және таза планета"

18 мамыр Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойына арналған "Олжас Сүлейменов және таза планета" атты онлайн халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция басталғанда Олжастың өмірі  таспаланған бейнеролик қойылды.

Алғаш сөз алған Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойына арналған "Олжас Сүлейменов және таза планета" атты онлайн халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ашылуына құтты болсын айтты.

"Қазіргі уақытта қоршаған ортаны қорғау әлемнің өзекті мәселелерінің бірі. Бүкіл әлем бірігіп осы мәселеге назар аударғанда ғана игі істер атқарылады. Біздің министірлік қоршаған ортаны сақтауға арналған 6 қағидатты ұстанады. Олар: Жерді тоздырмау және тозған топырақты қалпына келтіру, жайылымның шабылуын болдырмау, суды тиімді пайдалану, ресурстарды ұтымды пайдалану, қалдық шығынын азайту және қалдықты қайта пайдалану, көмірқышқыл газын азайту", - деді Сапархан Омаров.

Осыдан соң Олжас Сүлейменовтің өмір жолына, шығармашылығына тоқтала келіп келіп оның 85 жасымен құттықтады.

"Олжас Омарұлы, ұлттың дамуында әдебиеттің орны қаншалықты маңызды болса, сіздің сол әдебиет пен тарихта алар орныңыз да соншалықты ерекше. Тынымсыз ізденісіңіздің арқасында бабалардың тасқа таңбалаған арзу аманатын бүгінгі ұрпаққа жеткіздіңіз. Семей полигонының жабылуына зор еңбек сіңірдіңіз. Осы еңбегіңіз үшін сізге шексіз алғыс айтамыз", - деді министр.

Ауыл шарушылығы министрі ақынға шапан жауып, арнайы медаль тақты.

Ал Алматы облысының әкімі Амандық Баталов құттықтау сөзінде Олжас ақынның өміріне тоқталып, ұзақ ғұмыр тіледі.

"Сіз еліміздің ауыр кезеңінде ар алдында дұрыс жолды таңдап, Қазақстан үшін игі істер атқардыңыз. Үнемі күліп жүретін адамсыз. Осы қалпыңыздан таймаңыз", - деді Алматы облысының әкімі.

Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұловтың құттықтауын Мәдениет және спорт вице министрі Қожағапанов Ерлан жеткізді.

"Ардақты, Олжас Омарұлы, бүгінгі мерейлі жасыңыз құтты болсын. "Аз и Я" мен ой салдыңыз, "даланы биіктетеміз деп, тауларды аласартпайық" деген сөзіңіз афоризмге айналды. Семей полигоның жабылуына атсалысқаныңыз қазақ тарихында ғана емес, әлем тарихында қалары сөзсіз", - деген Ақтоты Райымқұлова өзінің құттықтау сөзінде.

Алматы әкімінің бірінші орынбасары Құсайынов Серік те осы конференцияда Олжас Сүлейменовтің мерейлі 85 жасына  құтты болсын айтты.

"Олжас Сүлейменов және таза планета" атты онлайн халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясаға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те ақынды 85 жасына құттықтау хат жолдаған екен.

"Олжас Омарұлы, Қазақстанның егемен ел болып қалыптасу жылдары, мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі кемел қызметіңіз, елдің ішкі және сыртқы саясатына сіңірген орасан еңбегіңіз Тәуелсіз ел тарихына алтын әріптермен жазылады. Осы жолдағы шабытыңыз сарқылмасын", - делінген білім және ғылым министірінің құттықтау хатында.

Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттары Жұмағұлов Бақытжан, Жүсіп Нұртөре де ақынның мерейтойына құтты болсын айтты.

Ал Жазушылар Одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдаулет Олжас Сүлейменовтің өміріне тоқталып, онымен қаншама жыл тізе қосып жұмыс істеп келе жатқанда ақынның адалдығына талай куә болғанын айрықша айтты.

"Олжас Сүлейменовтің қазақ поэзиясында алатын орны зор. Біз бала кезден ақынның өлеңдерін оқып өстік. Олжекең, қандай марапатқа да лайық. Олжас Сүлейменов әлемнің, Қазақтың жүрегінде мәңгі қалады. Олжас-ақын Алланың қазаққа берген сыйы", - деді Жазушылар Одағының төрғасы.

Бұдан бөлек, еліміздегі бірнеше қоғам қайраткерлері, танымал адамдар, шетел воллейбол қауымдастықтары ақынды мерейтойымен құттықтады.

Айта кетейік, Қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Қазақстанның Халық жазушысы, Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығы, Төтенше және Өкілетті Елші, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Омарұлы Сүлейменов биыл сексен беске толды.

Олжас Сүлейменов – 1936 жылдың 18 маусымында Алматыда Кеңес Қызыл Армияның майор шеніндегі офицері Омархан (Омар) Сүлейменов пен Фатима Насыржанқызы (Нәшке) Беделбаеваның отбасында дүниеге келді.

1959 жылы ҚазМУ-дің геология факультетін бітірген. М.Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған.

Туындыларын орыс тілінде жазады. Өлеңдері мен поэмаларының алғашқы жинағы – "Арғымақтар" (1961) шыққаннан кейінгі жылдардан бері "Адамға табын, Жер, енді" өлеңдері бүгінгі ТМД елдері халықтарының көптеген тілдеріне, шет ел тілдеріне аударылып, жеке-жеке кітап болып бірнеше рет басылды.

Адамның ғарышты игеруі адамзат тарихындағы айтулы оқиға болды. Барлық бұқаралық ақпарат құралдары жарыса хабарлады. Сол кезде аса танымал емес, небәрі 25 жастағы жас ақын Олжас Сүлейменов "Земля поклонись человеку" поэмасын жазды. 12 сәуір күні оның өлеңін Алматы аспанынан ұшақпен шашып таратты. Кейіннен осы поэмасы арқылы Олжас Сүлейменовтың Кеңес Одағындағы даңқты ақындық жолы басталды. Ақын ретінде Олжас Сүлейменов Юрий Гагаринмен бірнеше рет кездесті.

Ядролық сынаққа қарсы "Семей-Невада" қозғалысының, Халық Конгресі партиясының лидері. Қазақ КСР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының (1967), Қазақстан комсомолы, БЛКЖО сыйлығының (1966) лауреаты. Қазақстанның Халық жазушысы.

Т. Раушанұлы