Мұхтар Мағауиннің еңбек жолы

Мұхтар Мағауиннің еңбек жолы
Фото: abai.kz

Бүгін қазақтың классик жазушысы, әйгілі "Аласапыран" романының авторы Мұхтар Мағауиннің туған күні. Жазушы 81 жасқа толды.

Жазушының қаламынан туған кесек туындылар қазақ әдебиетінің өлшеусіз мұрасы саналады. Әр жылы "Ақша қар", "Бір атаның балалары", "Қияндағы қыстау", "Көк кептер" әңгіме, повестер жинағы мен "Көк мұнар", "Шақан шері" романы жарық көрді. Қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет суреттелген "Аласапыран" тарихи роман-дилогиясы, "Мен" ғұмырбаяндық роман-хамсасы, "Құмырсқа-қырғын" әңгімелер жинағы, "Ұлтсыздану ұраны" мақалалар жинағы және тағы басқа кітаптары да оқырманға жол тартты.

А. Рысдәулет