"Алтын тобылғы-2020" әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды

Елбасы қоры әдебиетті қолдау мақсатында ұйымдастыратын “Алтын тобылғы” байқауының жеңімпаздары анықталды.

Жүлде конкурс негізінде төмендегі номинациялар бойынша тағайындалды:

"Жылдың үздік прозасы" – Бақытбек Қадыр (Túrkistan газетінің тілшісі) Нұр-Сұлтан қаласы;

"Жылдың үздік поэзиясы" – Жәнібек Әлиман (Қарағанды);

"Жылдың үздік драматургиясы" – Қолғанат Мұрат (Алматы);

"Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы" – Хамит Есаман (Тараз қаласы);

"Абайдың 175 жылдығына арналған үздік әдеби туынды" – Ұмтыл Зарыққан (Нұр-Сұлтан қаласы), Бағашар Тұрсынбайұлы (Алматы).

Әр номинацияның жеңімпазына "Алтын Тобылғы" әдеби сыйлығының лауреаты атағы және 2 миллион теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық берілді. Ал арнайы номинацияның жеңімпаздарына 1,5 миллион теңге көлемінде сертификат табыс етілді.

Айта кетейік, “ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры бұл байқауды жыл сайын 18 бен 35 жас аралығындағы жас ақын-жазушылар арасында өткізеді. Жоба қазіргі заман әдебиетіне қызығушылықты арттырып, жастардың шығармашылығын шыңдауға бағытталған.