Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / "Дара – Абай, дана – Абай" атты жазба ақындардың республикалық онлайн-айтысы өтеді
"Дара – Абай, дана – Абай" атты жазба ақындардың республикалық онлайн-айтысы өтеді

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің келісімімен, Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы, облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында "Дара – Абай, дана – Абай" жазба ақындардың республикалық онлайн-айтысын өткізетінін жариялайды.

 Жазба онлайн-айтысты ұйымдастырушылар:

Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар
басқармасы ;

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы;

Қазақстан Жазушылар одағы Ақмола облыстық филиалы .

Жазба айтысты өткізу тәртібі мен шарттары

Айтысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен жазба ақындар және айтыскерлер қатыса алады. Жасқа шектеу қойылмайды. Сөз сайысы үш кезеңнен тұрады: іріктеу кезеңі – мамыр-маусым айлары, жартылай кезең – шілде айы, ақтық мәре – тамыз айында.

Ақындар әлеуметтік желі парақшасында өзара онлайн айтысып, бір-біріне бір тәулік ішінде жауап беруі шарт. Егер әлдебіреуі уақытынан кешігіп, жауапсыз қалған жағдайда жеңілген болып есептеледі. Бұл айтыстар халық шығармашылығы орталығының сайтында және Facebook, Instagram парақшаларында жарияланып тұрады, ұнатқан ақынына оқырмандар өз дауысын беріп, пікір білдіре алады. Әр жұптың айтысы 4 кезектен аспауы керек. Сапасыз немесе әдепке қайшы жазылған сөздерге жол берілмейді.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: сөз өткірлігі, тапқырлығы; айтар ойының көркемдік деңгейі; ақынның берілген уақытты тиімді пайдалануы, тақырыпты аша білуі; қарсыласына ұтымды жауап қайтару шеберлігі.

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы мен Қазақстан Жазушылар одағы Ақмола облыстық филиалы бірлесе отырып ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз етеді. Қазылар алқасының құрамына есімі елге белгілі ақын-жазушылар, сыншылар кіреді.

Жазба ақындар мен айтыскерлердің қатысуымен қорытынды кеш тамыз айында өткізіледі. Кешке абайтанушы ғалымдар, ақындар мен өнер қайраткерлері қатысады.

 Қатысушының ұсынатын құжаттары:

1. Өтінім;
2. Жеке куәлік көшірмесі;
3. Сапалы сандық сурет;
4. Қысқаша шығармашылық мінездемесі;
Өтінім (үлгіге сәйкес) 2020 жылғы мамырдың 31-не дейін "Дара – Абай, дана – Абай" деген атпен ocnt.kokshetau@mail.kz және almas.1979@mail.ru электрондық мекен-жайы бойынша қабылданады. Байланыс телефондары: 8(716-2) 25-33-96; 8-707-044-44-40, 8-701-266-06-49.

 Ұйымдастыру алқасының атынан сөз сайысының жеңімпаздарына қомақты қаржы тағайындалып отыр.

Бас жүлде – біреу;
І орын – біреу;
ІІ орын – екеу;
ІІІ орын – үшеу;
3 арнайы жүлде: Зілғара шешен Байтоқаұлы атындағы, Орынбай Бертағыұлы атындағы және әлеуметтік желіде ең көп дауыс жинаған "Үздік ақын" жүлдесі. Айтыс жеңімпаздары мен қатысушылары диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Жүлдегер арнайы шақырылып, Бурабай баурайында өтетін қорытынды кеште марапатталады.

Үздік өлеңдер "Жазба ақындар айтысы" жыр-жинағында жарық көреді.

Дайындаған: Тұрсынбек Раушанұлы
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 16 мамыр, 19:03