Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Ақын Аманхан Әлімұлы қайтыс болды

Ақын Аманхан Әлімұлы қайтыс болды

Ақын Аманхан Әлімұлы қайтыс болды

Қазақ әдебиеті қара жамылды. Елімізге белгілі ақын, публицист, ҚР "Мәдениет қайраткері", М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты Аманхан Әлімұлы қайтыс болды.

Аманхан Әлімұлы 1952 жылы 20 қаңтарда Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қожатоғай ауылында дүниеге келген. 1969 жылы орта мектепті бітіріп, азаматтық борышын өтеуге Қиыр Шығыста аттанған. 1972 жылы әскерден оралған ол, нәпақа табу үшін Алматыда құрылысшы болып жұмысқа орналасады. Араға үш жыл салып Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1980 жылы сәтті аяқтап шығады.

Одан кейін білімін шыңдау үшін Мәскеудегі М.Горький атындағы Бүкіл әлемдік Әдебиет институтының жоғарғы курсына оқуға түседі. Журналистика саласындағы қызметін республикалық танымал газеттерден бастаған. Ол "Қазақстан пионері" ("Ұлан"), "Лениншіл жас" ("Жас алаш"), "Қазақ әдебиеті", "Түркістан" газеттерінде жұмыс істеген. 1994 жылдан 2012 жылға дейін "Заң газеті" басылымында жауапты хатшы, соңы шолушы болып қызметтер атқарды. "Ақиқат" журналының Бас редакторы болып қызмет атқарған.

Ақынның тұңғыш топтама өлеңдері "Бес қоңырау" атты жыр жинағына жарияланып, одан кейін оның "Жанымның жапырағы", "Кездесу", "Таудан аққан тасбұлақтар" және "Ай нұры алақанымда" атты жыр жинақтары жарық көреді. Ал 2011 жылы ақынның "Өткірдің жүзі" атты публицистикалық мақалалар жинағы жарық көрген. 

Ақын Аманхан Әлімұлының қазасына байланысты Массагет порталы ақынның отбасына қайғыра көңіл айтады. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.

0
Рейтинг: +0

Фото: tengrinews.kz
Қосылған күні: 30 наурыз, 12:08

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->