Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Болдинодағы күз: Пушкин, карантин, той

Болдинодағы күз: Пушкин, карантин, той

Болдинодағы күз: Пушкин, карантин, той

Қазір әлем жұртшылығы карантинде отыр. Әлеуметтік желіге кірсеңіз, іші пысқан бір адам. Төрт қабырғаға қамалып, не істерін білмейді.

Бір қызығы, мұндай жағдай адамзат басына алғаш рет түсіп тұрған жоқ. Мысалы, орыс поэзиясының өкілі Александр Сергеевич Пушкин 1830 жылы 3 ай бойы карантинде болған. Осы уақыт аралығында ақын ең ұлы шығармаларын жазған екен. Кейін бұл кезең әдебиет тарихында "Болдинодағы күз" деп аталып кетті.

Мәскеу. Оба. Карантин

Ешкім емін білмейтін тырысқақ ауруы Оңтүстік Губернияларға 1820 жылдары Азиядан келген. Аса қауіпті індет Мәскеуге 1830 жылдың күзінде жеткен. Осының салдарынан қалаға көшкен Николай I-ге арнап "жыр" жазады да, оны бүркеме атпен басылымға жібереді. Осы шығарма карантин кезіндегі Мәскеудің дәл сипаттамасын береді:

"Одров я вижу длинный строй,
Лежит на каждом труп живой,
Клейменный мощною чумою,
Царицею болезней… он,
Не бранной смертью окружен,
Нахмурясь ходит меж одрами
И хладно руку жмет чуме
И в погибающем уме
Рождает бодрость… Небесами
Клянусь: кто жизнию своей
Играл пред сумрачным недугом,
Чтоб ободрить угасший взор,
Клянусь, тот будет небу другом,
Каков бы ни был приговор
Земли слепой…"

"Большое Болдино" иелігіне Пушкин не үшін келді?

"Большое Болдино" иелігі Пушкин әулеті тиесілі жер болатын. Ақын тойының алдында сол жердегі бір қабатты үйді өз атына жазу мақсатында барады: 

"Смотри, какой здесь вид: избушек ряд убогий,
За ними чернозем, равнины скат отлогий,
Над ними серых туч густая полоса.
Где нивы светлые? где темные леса?
Где речка? На дворе у низкого забора
Два бедных деревца стоят в отраду взора,
Два только деревца. И то из них одно
Дождливой осенью совсем обнажено,
И листья на другом, размокнув и желтея,
Чтоб лужу засорить, лишь только ждут Борея.
И только. На дворе живой собаки нет.
Вот, правда, мужичок, за ним две бабы вслед.
Без шапки он; несет подмышкой гроб ребенка
И кличет издали ленивого попенка,
Чтоб тот отца позвал да церковь отворил.
Скорей! ждать некогда! давно бы схоронил". 

Ақын ауылға 1830 жылдың 3 қыркүйегінде жетеді. Ол кезде Пушкин Наталья Гончароваға үйленгелі жүрген. Отбасылық өмірге аяқ басар алдын әкесінен мұра боп қалған иелік пен сол жерде қызмет ететін екі жүзге жуық қара жұмысшыны өз атына жаздырмақ болады. Мұндай қадамға ол қалыңдығының шешесінің кесірінен барады. Себебі, билікпен қарым-қатынасы салдарынан қаржылық тұрақсыздықта өмір сүріп жатқан "ақынсымаққа" Петербордың хас сұлуын анасы бергісі келмейді. Қызы бай біреуге жолығар деген оймен тойды ысыра береді. Оның үстіне ақын шығармашылығы дағдарыста болатын. Әдебиет сыншылары Пушкин соңғы екі жылда "нашар өлең" жазып жүр дейтін.

Ақын карантинде қандай күн тәртібімен өмір сүрді?

Ауылға үш аптаға деп кетіп, үш ай  қалуға мәжбүр болған ақынның қолында тек төрт кітап ғана болған. Олар Милман, Боулз, Уилсон мен Барри Корнуолл поэзиясы топтамасы, Кольридж, Шелли мен Китс өлеңдері жинағы, Николай Полевойдың "История русского народа" кітабының екінші бөлімі және Жан-Поль афоризмдері антологиясы еді. Бірақ ақын бір де бір қойын дәптерін алмапты.

Болдинода Пушкиннің немен айналысқаны туралы Гончароваға жазған хаттарынан белгілі: "Таңғы 7 шамасында тұрып, кофе ішемін, содан сағат түскі 3-ке дейін жатамын. <...> Көп жазып жүрмін. 3-тен кете атқа мініп қыдырамын, 5 шамасында ванна қабылдап, картоп қосылған сұлы ботқасын жеймін. Содан сағат 9-ға дейін кітап оқимын. Міне, осындай күн тәртібімен өмір сүріп жүрмін". Осы үзіндіден байқағаныңыздай, орыстың ұлы ақыны төсекте жатып жазғанды әдетке айналдырған. Кейде, тіпті, таңнан кешке дейін тұрмастан шығармашылықпен айналысқан.

Осындай қарқынмен Пушкин Болдинода жатып 32 өлең, "Повести покойного Ивана Петровича Белкина" әңгімелер топтамасын, әдеби сынның сол кездегі жағдайы туралы бірнеше публицистикалық мақалалалар және өзге де шығармалар жазған, сондай-ақ "Евгений Онегин" туындысын аяқтаған.

Карантин кезінде жазылған туындылар 

7 қыркүйек — Бесы ("Мчатся тучи, вьются тучи...")
8 қыркүйек — Элегия ("Безумных лет угасшее веселье...")
9 қыркүйек — "Гробовщик" повесі
13 қыркүйек — "Сказка о попе и о работнике его Балде", "Сказка о Медведихе"
14 қыркүйек — "Станционный смотритель" повесі;
18 қыркүйек — Онегиннің саяхаттауы
20 қыркүйек — "Барышня-крестьянка" повесі
25 қыркүйек — "Евгений Онегин", IX бөлім.
26 қыркүйек — "Труд" ("Миг вожделенный настал: окончен мой труд многолетний...");
1 қазан — "Илиада" аударма;
"Румяный критик мой,насмешник толстопузый"
2 қазан — "Глухой глухого звал..."
4 қазан — Жолжазба
5 қазан — "Прощание"
7 қазан — "Паж, или Пятнадцатый год"
8 қазан — "Я здесь, Инезилья"
"Пред испанкой благородной"
9 қазан — "Домик в Коломне" поэмасы
11 қазан — "Отрок"
14 қазан —"Выстрел" повесі
15 қазан — Эпиграмма ("Не то беда, Авдей Флюгарин...");
"Моя родословная";
"Два чувства дивно близки нам...";
"Когда порой воспоминанье..."
17 қазан — "Стамбул гяуры нынче славят...";
"Заклинание"
19 қазан — Онегиннің X бөлімін өртеп жіберген;
20 қазан — "Метель" повесі;
23 қазан — "Маленькие трагедии": Скупой рыцарь
24-25 қазан — Сын туралы мақала;
26 қазан — "Маленькие трагедии": Моцарт И Сальери;
29 қазан — "Опыт отражения некоторых нелитературных обвинений" мақаласы;
31 қазан — "Герой"
1 қараша — "О втором томе "Истории русского народа "Полевого" мақаласы;
4 қараша — "Маленькие трагедии": Каменный гость;
Отрывок ("Не розу пафосскую...")
5 қараша — "Возражения критикам "Полтавы" мақаласы;
"Баратынский" мақаласы
8 қараша — "Маленькие трагедии": Пир во время чумы;
26 қараша — "О народной драме и о "Марфе Посаднице" М.П.Полевого" мақаласы
27 қараша — "Для берегов отчизны дальной...";
Barry Cornwall өлеңі
28 қараша — "Евгений Онегин" поэмасына алғысөз
"Цыганы".

Карантин қалай аяқталды?

Ақыры ақын Болдинодан 29 қараша күні кетіп, 5 желтоқсан күні Мәскеуге жетеді. Оба Александр Сергеевичтің отбасына зиянын тигізбеді. Осы оқиғадан кейінгі көктемде Пушкин Гончаровамен шаңырақ көтерді.  

 
0
Рейтинг: +1

Фото: vk.com
Қосылған күні: 27 наурыз, 17:59

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->