Алматыда “Алтын қалам” әдеби сыйлығы табыс етіледі

11 ақпанда Алматыда әдеби “Алтын қалам” сыйлығы табыс етіледі.

Аталған сыйлық бүгінгі заман әдебиетін дамытуға елеулі үлес қосқан қаламгерлерге беріледі. Жеңімпаздар Әлемдік экономика және саясат институтының әлеуметтанушысы Айман Жүсіпова жетекшілік еткен әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша анықталды. Зерттеуге әдебиет, ғылым, бизнес саласындағы беделді 70-ден астам сарапшы қатысып, қазақстандық әдебиеттің даму барысы мен бүгінгі кітап нарығының жағдайына байланысты жеке пікірлерін білдірді.

1. Жылдың үздік баспасы
2. Жылдың әдеби дебюті
3. Кiтап like (оқырмандар таңдауы)
4. Әлеуметтік мәнге ие тақырыпқа арналған үздік
5. Жылдың үздік меценаты (Әдебиетке көрсеткен қолдауы үшін)

Марапатқа ие болғандармен Ұйымдастыру комитетінің мүшелері Айдос Сарым, Досым Сатпаев, Нұржан Жалауқызы, Расул Жұмалы және Қуат Домбай шағын сұхбат жүргізеді.