Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / “Ауылым – алтын тұғырым” байқауының жүлде қоры ұлғайтылды

“Ауылым – алтын тұғырым” байқауының жүлде қоры ұлғайтылды

“Ауылым – алтын тұғырым” байқауының жүлде қоры ұлғайтылды

“АУЫЛ” партиясы және “Мәдениет порталының” ұйымдастыруымен өтетін “Ауылым – алтын тұғырым” әдеби-онлайн конкурсының шығармаларды  қабылдау мерзімі қазылар алқасының шешімімен 2020 жылдың 15 наурызына дейін ұзартылды.  

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай биылғы конкурста “Алтын тұғыр” әдеби жүлдесінің иегеріне қосымша 200 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық тағайындалды.  

Номинациялар бойынша жүлде қоры:  

“АУЫЛ тақырыбына арналған үздік проза” (эссе, әңгіме, повесть):   

1-орын 500 000 теңге;
2-орын 300 000 теңге;
3-орын 200 000 теңге;  

“АУЫЛ тақырыбына арналған үздік поэзия” (өлең, баллада, поэма):   

1-орын 500 000 теңге;
2-орын 300 000 теңге;
3-орын 200 000 теңге;  

“АУЫЛ тақырыбына арналған үздік драматургия”:  

1-орын 500 000 теңге;
2-орын 300 000 теңге;
3-орын 200 000 теңге;  

Бас жүлде “АЛТЫН ТҰҒЫР” әдеби жүлдесі:  

Үш номинациядағы 1-орын жеңімпаздарының арасынан таңдалып алынады.  

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық  мерейтойына орай “АЛТЫН ТҰҒЫР” әдеби жүлдесінің иегеріне қосымша 200 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі.

 Арнайы жүлделер:   

10 үздік қаламгерге  100 000 теңгеден арнайы жүлделер тағайындалады.  

Үміткерлер  конкурсқа ұсынатын шығармаларын auyl.kz сайтындағы “Ауылым – алтын тұғырым” сілтемесі арқылы немесе тікелей madeniportal.kz  порталында  онлайн түрде жариялай алады. Техникалық ақаулар болған жағдайда +7 707 744 13 43  нөміріне хабарласуға (WhatsApp-қа жауап жазылмайды) немесе Seri_sardar@list.ru поштасына хат жолдауға болады. 

Толық ақпарат  madeniportal.kz   және auyl.kz сайттарында.

Ауыл тақырыбын толғайтын шығармаларыңызбен әдеби байқауда бақтарыңызды сынаңыздар!!!

0
Рейтинг: +0

Фото: ville-st-remy-chevreuse.fr
Қосылған күні: 29 қаңтар, 14:18

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.