Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / "Абайға арнау" атты облыстық ақындар мүшәйрасы жарияланды

"Абайға арнау" атты облыстық ақындар мүшәйрасы жарияланды

Ақынын ардақтаған Алаш жұртының әрқашан маңдайынан бақ, таңдайынан жыр кетпегені әлімсақтан белгілі. Ақындар мен батырлар елі атанған Алматы облысы жыл сайын мерейтойларды абыроймен атқарып келеді. Биыл қазақтың ұлы ойшылы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы елімізде кеңінен тойланбақ.

Бұл шара Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында  өткізілгелі отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласында Абайды қалай дәріптесек те жарасатынын, оның ғибратты ғұмыры мен шынайы шығармашылығы қазақ халқына ғана емес, барша жұртқа өнеге екенін баса айтты.

Абай – қазақ халқының ары мен намысын қамшылап, ұлтымыздың ұлылар қатарынан болуы жолында дамылсыз күрескен қажырлы қайраткер. Оның шығармасындағы аса ірі парасаттылық пен қарапайымдылық, философиялық ұстаным әрбір адамның бойында болуы шарт.

Қазақ халқының өмірін негізге ала отырып жазған қара сөздерінің өзі кейінгі ұрпаққа Құран сөзінен кейінгі елдің бағдаршамына айналғалы қашан?! Абайдың ілімі, Абайдың ғылымы, Абайдың кемелдігі, Абайдың кісілігі келер ұрпақ үшін таптырмас олжа.

Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Алматы облысы әкімінің қолдауымен "Абайға арнау" облыстық ақындар мүшәйрасын жариялайды. Жергілікті ақындарымыздың арасынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларды анықтап, арнау өлеңдердің жинағын кітап етіп шығару - бұл шараның басты мақсаты болмақ. Сондай-ақ, Абайды танып, білуге және жаңа қырларын ашуға үлкен мүмкіндіктер бар.

"Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақты жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма", – деп бір ауыз сөзбен ойын түйіндеген Абай атамызға бүгінгі ұрпақтан айтылар алғыс, арналар жырдың мол болатынына сенім мол. Тақырыпқа шектеу жоқ. Ұлы Абайдың сегіз қырлы, бір сырлы даналығы мен данышпандығын егеменді еліміздің мұратымен ұштастыра отырып жырлау ақындардың шалқар шабытына байланысты. Асығайық, ақындар! Ендеше жүйріктерімізді аламанның алдынан күтуге дайынбыз!

Бас жүлде – 700 000 теңге.

Бірінші орын – 500 000 теңге.

Екінші орын – 400 000 теңге.

Үшінші орын – 300 000 теңге.

Ынталандыру бәйгесі 3 ақынға 200 мыңнан белгіленіп отыр.

Мүшәйраға еш жерде жарық көрмеген, мағынасы мен көркемдік деңгейі қалыпқа сай топтама өлеңдер, толғаулар 2020 жылдың 1 наурызына дейін қабылданады.

Қабылдау орны - Талдықорған қаласы, С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасы, Тәуелсіздік көшесі, 61-үй.

Байланыс телефондары: 8-7282-24-11-23, 24-63-45; 8-771-403-76-39; факс: 40-01-46.

Электронды почта: bibseyfull_tald@mail.ru

Мүшәйраның мақсаты:

- Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген сұранысты арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту.

- Халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, Абай Құнанбайұлының философиялық қырына үңіліп, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып-білуге, тани түсуге ынталандыру.

- Ұлы Абайдың жан-жақтылығын  қамти отырып, ақындық шығармалары арқылы Абай мұрасын, өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа ұғындыру, қазақ тілі арқылы олардың санасында қазақстандық патриотизм сезімдерін қалыптастыру және үлгі ету.

- Ел арасындағы таланттарды іздеу, олардың шығармашылық ізденісіне дәнекер болу.

Мүшәйра тақырыбы:

Абай Құнанбаевқа арнау (1 өлең 10-12 шумаққа дейін, поэма 50 шумаққа дейін).

Мүшәйраның шарттары:

Байқауға келіп түскен өлеңдер алдын ала қазылар алқасының талқылауынан өтіп, іріктеледі. Сұрыптаудан өткен өлеңдер ғана облыстық ақындар мүшәйрасына ұсынылады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінің уақыты қосымша хабарланатын болады.  Марапаттау сәтінде жүлделі орындарға ие болған өлең авторлары өз шығармаларын мәнерлеп оқуға және жатқа оқуларына мүмкіндік болады. Мүшәйраға қатысатын өлеңнің бір данасын және автордың жеке суретін, жеке куәлігінің көшірмесін төменде көрсетілген электронды поштаға жіберу қажет.

Автор өзі туралы толық мәліметті қосымшадағы өтінімде көрсетуі керек. Алматы облысы, Талдықорған қаласы, С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасы, Тәуелсіздік көшесі, 61-үй.

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «АБАЙҒА АРНАУ» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасына

Ө Т І Н І М

  1. Аты жөні (толық)___________
  2. Білім алған оқу орнының толық атауы__________________
  3. Қатысушының жұмыс орны_____________
  4. Тұратын мекенжайы, байланыс телефоны_______________
  5. Шығармалардың толық атауы, қосымша шығарманың мәтінін тіркеу____________
  6. Мүшәйраға қатысушының қысқаша шығармашылық өмірбаяны, жетістіктері:_______
  7. Қатысушының қолы.
0
Рейтинг: +0

Фото: ult.kz
Қосылған күні: 21 қаңтар, 10:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.