Академик Өмірзақ Айтбайұлы дүниеден озды

Академик Өмірзақ Айтбайұлы дүниеден озды
Фото: 6alash.kz

Белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі Өмірзақ Айтбайұлы 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Өмірзақ Айтбайұлы – 1936 жылы 5 сәуір күні Түркістан облысының Отырар ауданына қарасты Балтакөл ауылында дүниеге келген. Филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.

1959-1962 жылдары – “Социалистік Қазақстан” газетінің әдеби қызметкері. 1962-1999 жылдары – Қазақстан Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, аға, бас ғылыми қызметкер. 1995-1996 жылдары – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикақ институтының профессоры. 1997-1998 жылдары – Қ.А.Яссауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры. 1999 жылдан - “Қайнар” университетінің қазақ тілі және әдебиет факультетінің, филология факультетінің деканы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тіл білімі институтының Терминологиялық орталықтың директоры қызметтерін атқарған.

1989 жылдан – “Қазақ тілі” халықаралық қоғамның вице-президенті, 1996 жылдан - бірінші президенті, 2004 жылдан - президенті. “Құрмет”, “Парасат” ордендерімен марапатталған.

Т. Раушанұлы