Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / “Алаштың айбоз Әбіші” атты республикалық жыр мүшәйрасы мәресіне жетті

“Алаштың айбоз Әбіші” атты республикалық жыр мүшәйрасы мәресіне жетті

 “Алаштың айбоз Әбіші” атты республикалық жыр мүшәйрасы мәресіне жетті

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Атырау облысының әкімдігінің қолдауымен, облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен көрнекті жазушы, Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған “Алаштың айбоз Әбіші” атты республикалық жыр мүшәйрасы мәресіне жетті.

180 ақын қатысқан мүшәйраға Светқали Нұржанов, Серік Ақсұңқар бастаған танымал ақын-жазушылар қазылық етті.

Аталған мүйшәйрада жүзден жүйрік шығып Бекзат Смадияр бас жүлдені иеленді. Олжас Қасым бірінші орын, Ерлан Жүніс пен Табиғат Абаилдаев екінші орын иеленсе, Аскерхан Ақтай мен Жоламан Айткен үшінші орыннан көрінген.

Ал  Әбіш Кекілбаев атындағы арнайы сыйлық Бауыржан Халиоллаға, Фариза Оңғарсынова атындағы сыйлық Ұлмекен Шаукеноваға табыс етілген. 

Мүшәйра жүлдегерлеріне төмендегідей ақшалай сыйлық табысталған:

Бас жүлде - 800000 (сегіз жүз мың теңге)
І орын – 600000 (алты жүз мың теңге)
ІІ орын (екеу) – 400000 (төрт жүз мың теңгеден)
ІІІ орын (екеу) – 300000 (үш жүз мың теңгеден)
Әбіш Кекілбаев атындағы Арнайы сыйлық – 300000 (үш жүз мың теңге)
Фариза Оңғарсынова атындағы Арнайы сыйлық – 300000 (үш жүз мың теңге).

0
Рейтинг: +1

Фото: facebook.com
Қосылған күні: 15 қараша, 11:59

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.