Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Қасым-Жомарт Тоқаев қаламгер Әбдіжәміл Нұрпейісовті мерейтойымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қаламгер Әбдіжәміл Нұрпейісовті мерейтойымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қаламгер Әбдіжәміл Нұрпейісовті мерейтойымен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовті 95 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, жеделхат жолдады.

“Сізді егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан аса көрнекті жазушы, сөз өнерінің патриархы ретінде қадірлейміз. Қазақ қаламгерлері арасынан дараланып шығып, бірегей тұлға дәрежесіне көтерілген Өзіңізді үнемі мақтан етеміз”,- делінген жеделхатта.

Сонымен қатар жазушының “Қан мен тер”, “Соңғы парыз” романдары қазақ көркем сөзінің алтын қазынасына еніп, әлем әдебиетінде өзіндік орны бар рухани құндылыққа айналғаны жайында да айтылған. Жазушының жалпыадамзаттық мәселелерді арқау еткен шығармалары арқылы халқымызды бүкіл дүние жүзі танығанына да тоқталған.

“Баршаны алаңдатқан Аралдың ахуалы Сіздің қайталанбас туындыларыңызда көрініс тапты. Ел мүддесін жаһандық деңгейге жеткізіп, оқырманның шексіз ықыласына бөленіп келесіз”,- деп жазды Мемлекет басшысы.

Президент мерейтой иесіне “Жазушылық жолыңыз, ғибратты ғұмырыңыз жалғаса берсін! Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс, бақ-береке тілеймін” деген ықыласын білдірді.

0
Рейтинг: +0

Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 22 қазан, 17:11

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.