Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Джек Керуак: "Әр сөзді түзеп әуре болмаңыз. Маңыздысы – жалпы картина"

Джек Керуак: "Әр сөзді түзеп әуре болмаңыз. Маңыздысы – жалпы картина"

Джек Керуак:

Бір ғана туындысымен тұтас бір бағытқа жол салып, әдебиет әлемін жаңғырту кез келген жазушыға бұйыра бермейтін бақ. Сондай бақытқа жеткендердің бірі де бірегейі – Джек Керуак. Бүгін – қаламгердің өмірден өткеніне 50 жыл.

Джек Керуак – Америкада Хэмингуэй толқынының атағы бәсеңдеген шақта әдебиет Олимпына келген beat-generation проза  һәм поэзия бағытының негізін қалаған.  

Оның "Дхарма кезбелері", "Жолда" романдарынан джаздың лебі еседі. Оның өзінен кейінгі шығармашылық адамдарына берген әсері де орасан зор болды. Әлі күнге дейін солай.

Ал, осы тұтас бір әдеби бағыттың негізін салушы Джек Керуактың өзі қандай кітап оқыған? Жазушының өрімдей 18 жасында кезінде оқыған кітаптарының тізімі осы кезге дейін сақталыпты. Соған көз жүгіртейік, оқырман:

- үнді жазбалары;
- қытай жазбалары;
- Көне Келісім (Ветхий завет) мен Жаңа Келісім (Новый завет);
- Гиббон мен Плутарх;
- Гомер (тағы да);
- Шекспир (тағы);
- Вулф (үнемі);

Сондай-ақ:
- Финнеганды еске алу (Поминки по Финнегану);
- тарихи жазбалар;
- Торо мен Эмерсон;
- Джозеф Конрад;
- Прусттың естеліктері;
- Данте (тағы да).

Жазушылық жолды армандайтын оқырмандарымыз үшін келесі тізімнің де маңызды болары анық.

Керуактың үлкен жетістікке жетуінің құпиясын сұрайтындар аз болмады. Автордың соларға арнап жазған "Жазушылық ережелері" де бар. Олардың көпшілігі сізге біртүрлі көрінуі әбден мүмкін, бірақ, бұл кеңестер Керуактың болмысын береді:

► Құпия шимай сызбаларды өзіңіз ләззат алу үшін жазыңыз.

► Алдыңызда жолыққанның бәріне ашық болыңыз. Әр нәрсеге құлақ түріңіз.

► Ащы суды өз үйіңіздің шекарасынан тыс жерде ішпеңіз.

► Өз өміріңізді сүйіңіз.

► Сезіміңізді жеткізудің өзіндік қалыбы әрқашан табылады.

► Ессіз болыңыз.

► Жүрегіңіздің шыңырау тереңіндегі дүниені жазыңыз.

► Әдеби, грамматикалық және лексикалық ережелерге бағынбаңыз.

► Шын болған оқиғаны ішкі монолог арқылы жеткізіңіз.

► Қуана, шабыттана жазыңыз.

► Әр сөзді түзеп әуре болмаңыз. Маңыздысы – жалпы картина.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 21 қазан, 10:52

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.