Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Мәскеуде Рахымжан Отарбаевтың қос кітабының тұсауы кесілді

Мәскеуде Рахымжан Отарбаевтың қос кітабының тұсауы кесілді

Мәскеуде Рахымжан Отарбаевтың қос кітабының тұсауы кесілді

Ресей астанасында қазақтың даңқты жазушысы, драматург Рахымжан Отарбаевтың орыс тіліне аударылған екі кітабының тұсауы кесілді.

“Шыңғыс-ханның көз жасы” және “Бас” атты романдары “Художественная литература” баспасының бас редакторы Владимир Пряхиннің аудармасымен орыс тілінде жарық көрді. Бұл шараға мәскеулік жазушылар, тілшілермен қатар Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің өкілдері және жазушының ұлы Ермерей Отарбаев қатысты.

Владимир Пряхин жиналған қауымға бұл жобаны Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің қолдауымен іске асырғанын жеткізіп, алғысын білдірді.

Айта кетелік, Отарбаевтың шығармалары тек қазақ және орыс тілінде ғана емес, сонымен қатар француз, қытай, араб, түрік, қырғыз және ағылшын тілдеріне аударылды.

Өз кезегінде, алғы сөз алған Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесші-уәкілі Жанар Колбачаева жазушының мол мұрасы туралы айтты.

“Бір-біріміздің әдеби шығармаларымызбен танысу өзара түсіністік пен достығымызды жақындата түседі. Өзге халықтың мәдениетімен танысу – ол адами құндылықтың ең жоғары деңгейіндегі байланыс. Рахымжан Отарбаев біраз халықтың мәдени қосушысы, әдеби көпірі бола білді”, - деді Жанар Колбачаева.

Іс-шара осы кеште жиналған Рахымжан Отарбаевтың достары, әріптестерінің жазушы туралы естеліктерімен, жылы лебіздерімен жалғасты. "Оқырманды шешендікке тәрбиелеп, халқымыздың асыл мұраларын игеріп, рухани тұрғыдан дами түсулеріне қызмет ететін құнды дүниелері дүйім жұртқа тарайды" деген сенім сөздері естілді. Бұл жоба - жаңаша негізде ұсынылған еңбектің идеялары арқылы тәуелсіз еліміздің жарқын әдебиетін барша көркемдікпен шет мемлекеттердің оқырмандарына таныстыру және қазақ мәдениетінің болашағына қызмет еткізу орайында жасалған.

Рахымжан Отарбаев – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, республикалық Махамбет Өтемісұлы атындағы сыйлықтың, Халықаралық Айтматов атындағы сыйлықтың иегері, Халықаралық Айтматов атындағы академияның академигі, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің құрметті профессоры, Атырау облысы, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. “Құрмет” және “Парасат” ордендерімен марапатталған.

0
Рейтинг: +0

Фото: ult.kz
Қосылған күні: 02 қазан 2019, 10:28

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.