Лев Толстой өміріне қатысты қызықты деректер

Лев Толстой өміріне қатысты қызықты деректер
Фото: vk.com

9 қыркүйек – орыстың ұлы жазушысы Лев Толстойдың дүниеге келген күні. Әрине, Толстой секілді классиктердің өмір жолы баршаға мәлім. Оны іш пыстырар әдебиет хрестоматияларынан бөлек, түрлі бағдарламаларда да айтып отырады. Сол себепті, биографиялық деректерді толық берудің орнына, қызықты болар деген тұстарына тоқталып өтуді жөн көрдік. Оның үстіне Нобель марапатынан бас тартқан Толстойдың ғұмыры ондай сәттерден кенде емес. 

►   "Ақша – зұлымдық бастауы" дегенді жиі айтатын Толстой өзін Нобель марапатына ұсынды дегенді естіп қатты уайымдаған екен. Содан финляндиялық жазушы Арвид Ярнефельтке: "Әлгі шведтерге маған марапатты беруші болмасын деп айт" деген мазмұнда хат жазыпты. Марапатты бұл алмағаны белгілі болған кезде шексіз қуанды деседі.

►   Лев Толстой жас кезінде құмар ойындарға ессіз әуес болған. Бір күні өзінің көршісі Гороховпен карта ойнап, ойынға салған үйден айырылып қалады. Бұл өзі туып-өскен шаңырақ болатын. 

►   Толстой соғысқа қатысқан. Кавказ соғысы кезінде Севастополь қорғанысында болған. Ерлігі үшін бірнеше ордень, медальмен марапатталған. 

►  Толстой өзінің болашақ әйелі София Андреевнаның анасымен дос болады да, оның үш қызының қайсысына үйленерін білмей, біраз уақыт таңдап жүрген. Толстойдың жанұясында 13 бала туылған. Оның бесеуі сәби кезінде қайтыс болады. Әйелі өзінен 16 жас кіші болған. Яғни, олар шаңырақ көтергенде София 18-де, граф 34-те еді.

►   Қартайған шағында жазушы өз-өзіне "жабығу, бейжайлылық" деген диагноз қойып, оны қымызбен емдеу керек деген шешім қабылдайды. Сондай-ақ, қарапайым халықты жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған Лев Толстой егде тарқан шағында жалаң аяқ жүруді әдетке айналдырған екен.

►  Лев Николаевич Толстой ет жемейтін. Ол өмірінің соңғы жылында, яғни 1910 жылы "сексен жылдан кейін барлық адамдар вегетариан болады, олар ет жеуге адам жеген секілді жиіркенішпен қарайды" деген екен.

►  Толстой қартайған шағында әйелімен ажырасып, саяхатқа аттанады. Сол сапарында, нақтырақ айтсақ, 1910 жылдың 7 қарашасында Астапово станциясында көз жұмады. 

А. Оралқызы