Хулио Кортаcар: "Мен жылағым келген соң жылаймын, жұбатсын деп емес"

Хулио Кортаcар: "Мен жылағым келген соң жылаймын, жұбатсын деп емес"
Фото: vk.com

Хулио Кортаcар (1914 - 1984) – көрнекті аргентиналық жазушы әрі ақын. Автордың "Классика ойнау" атты романы оған бүкіләлемдік атақ әкелді. Кітаптың кіріспе сөзінде автор оқудың екі нұсқасын ұсынды: бірі – тараулар реті бойынша, екіншісі – арнайы жоспар бойынша. Романның сюжеті оқырманның таңдауына қарай икемделеді. Өзінің ерекше құрылымының арқасында бұл роман (дәлірек айтқанда, "антироман") постмодерн әдебиетінің ең танымал туындыларының біріне айналды. Бұл туынды кейіпкерлері ермек еткен ойында асфальттағы сызылған шаршылар орнына өмірдің өзі қолданылады, тігілетін бәс – бақыт.

Бүгін – жазушының дүниеге келгеніне 105 жыл. Осы орайда оның туындыларынан цитата боп тарап кеткен ең танымал қанатты сөздерін ұсынып отырмыз:

"Біздің әрқайсысымыз екінші актіден бастап қана көретін бір-бір пьесамыз. Бір көргенге жарарлық болғанымен, түк түсініксіз пьеса.."

"Классика ойнау"

"Кез келген мәселе – бізге арқасымен тұрған шешім"

"Емтихан"

"Қолынан іс келетіндер ештеңеге сенімді болмайды. Нық сенімді болу – хайуанның ісі"

"Емтихан"

"Адамның "ішкі сәбиі" әйелдерден гөрі ерлерде ұзағырақ сақталады"

"Мануэльдің кітабы"

"Мен жылағым келгені үшін жылаймын, жұбатсын деп емес"

"Классика ойнау"


А. Оралқызы