Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына арналған мүшәйра өтеді

Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына арналған мүшәйра өтеді
Фото: Жазушылар Одағы

Көрнекті ақын Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына арналған Республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өтетінін хабарлаймыз.

Алматы облысының әкімдігі, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, көрнекті ақын Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына орай Республикалық мүшәйра ұйымдастырады. Бұл шара Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында өткізіліп отыр. Мүшәйра 2019 жылдың 20-21 қыркүйек күні Ақсу аудандық Мәдениет үйінде өтеді.

Мүшәйраның мақсаты:
• Жер жаннаты Жетісудың ардақты перзенті Ілияс Жансүгіровтің өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа ұғындыру және үлгі ету;
• Кейінгі буынға ел үшін еңбек еткен Ілияс Жансүгіровтың қадір-қасиетін жан-жақты ашып көрсету, оның отбасындағы, қоғамдағы жарқын істерін поэзияның өрнекті тілімен насихаттау, сол арқылы жастарды еңбекке құлшындыру, олардың санасында қазақстандық патриотизм сезімдерін қалыптастыру;
• Ел арасындағы таланттарды іздеу, олардың шығармашылық ізденісіне дәнекер болу.

Мүшәйра тақырыбы:
1. Ілияс Жансүгіровке арнау (1 өлең – 10-12 шумаққа дейін, поэма – 50 шумаққа дейін).
Мүшәйраны ұйымдастыру:
Мүшәйра ашық түрде өткізіледі. Өлең-жырлар 2019 жылдың 10 қыркүйегіне дейін қабылданады, ақындардың жасына шек қойылмайды.

Мүшәйраның шарттары:
Байқауға келіп түскен өлеңдер алдын ала қазылар алқасының талқылауынан өтіп, іріктеледі.
Сұрыптаудан өткен өлеңдер ғана Республикалық ақындар мүшәйрасына ұсынылады.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі той өтетін күні жүргізіледі, жүлдегер ақындарға алдын ала хабарланады.
Марапаттау сәтінде жүлделі орындарға ие болған өлең авторлары өз шығармаларын мәнерлеп оқуға және жатқа оқуларына мүмкіндік болады.

Мүшәйраға қатысатын өлеңнің бір данасын және жеке суретін төменде көрсетілген электронды поштаға жіберу қажет.
Автор өзі туралы толық мәліметті өтінімде көрсетуі керек.

Ескерту: Өткізілу уақыты өзгерген жағдайда қосымша хабарланады. 
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Облыстық халық шығармашылығы орталығы, Ғ.Орманов көшесі, 61 үй.

Байланыс телефондары: 8-7282-24-41-61; 32-45-28, факс: 24-34-07
Электронды почта: АОСNТ123@mail.ru

Т. Раушанұлы