Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / "Елім деген Ер Оспан" атты жыр мүшәйрасына бәйге жарияланды

"Елім деген Ер Оспан" атты жыр мүшәйрасына бәйге жарияланды

"Ер Жәнібек" халықаралық қоғамдық қоры, ҚР Жазушылар одағы Оспан батырдың 120 жылдық мерейтойына арналған "Елім деген Ер Оспан" атты жыр мүшәйрасына бәйге жариялады. 

Биыл XX ғасырдың алғашқы жартысында Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт азаттық қозғалысының қолбасшысы Оспан батыр Сіләмұлының (1899-1951) туғанына 120 жыл толды. Осыған орай "Ер Жәнібек" халықаралық қоғамдық қоры ҚР Жазушылар одағымен бірлесіп, даңқты батырдың 120 жылдығына арнап халықаралық деңгейде ауқымды шаралар ұйымдастырып отыр. Соның бірі – "Елім деген Ер Оспан" атты жыр мүшәйрасы. 

Бұл мүшәйра Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасын насихаттау, ел Тәуелсіздігін ұлықтау, елім деген ерен тұлғаларды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Мүшәйраға 40 жасқа дейінгі ақындар қатыса алады. Бұрын еш жерде жарияланбаған екі өлең қабылданады. Оның бірі Оспан батырға арналған, екіншісі еркін тақырыпта болуы шарт. 

Әр өлең 15 шумақтан аспауы керек. А4 форматта компьютерде теріп, бiр данасын (электронды түрде) ұйымдастырушыларға жолдайды. Мекенжайы мен телефоны жазылуы тиіс. 

Мүшәйра жабық түрде өтеді. Үміткерлердің туындыларын арнайы қазылар алқасы анықтап, жүлдегерлерді белгілейді. Ұйымдастыру алқасы мүшәйраға қатысушылардың өлеңдерін үстіміздегі жылдың 15 шілдеге дейін қабылдайды. Мүшәйра жеңімпарзары қыркүйек айында марапатталады. 

Тапсырылған өлеңдер қайтарылмайды. 

І орын – біреу. 500 мың теңге 
ІІ орын – екеу. 300 мың теңге 
ІІІ орын – үшеу. 200 мың теңге 

Мүшәйрада ынталандыру сыйлықтары да қарастырылған.

Ұйымдастырушылар: ҚР Жазушылар одағы, "Ер Жәнібек" халықаралық қоғамдық қоры. 
Байланыс: E-mail: erjanibek.2007@gmail.com 
Mob.: +7 707 7900097 

0
Рейтинг: +0

Фото: .facebook.com
Қосылған күні: 13 мамыр, 16:41

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.