Жазушылар одағында жыл қорытындысы өтеді

Жазушылар одағында жыл қорытындысы өтеді
Фото: baq.kz

2019 жылдың 19 сəуір күні сағат 10.00-де Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде дəстүрлі Əдеби жыл қорытындысына арналған жиын өтеді.

Әдебиет саласында бір жылда жарық көрген кітаптар мен жеткен жетістіктер, қазақ әдебиетінің бүгінгі хәл-ахуалы жайында айтылатын жиын республикадағы ақын-жазушылар мен әдебиет зерттеушілерінің һәм драматургтердің басын қосады.

Бұл жиындағы спикерлер қатарында Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының Төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Төрағаның орынбасары, ақын Бауыржан Жақып бар.

Сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар одағының жанрлық кеңестері бойынша баяндама жасайтын қаламгерлер:

"Проза" бойынша Әділдабек Салықбай;
"Поэзия" бойынша Нұржан Қуантайұлы;
"Балалар әдебиеті" – Арасанбай Естенов;
"Әдеби сын" – Жанғара Дәдебаев;
"Драматургия" – Қолғанат Мұрат;
"Деректі проза" – Өтеш Қырғызбаев;
"Сатира" – Үміт Зұлқарова;
"Ұйғыр әдебиеті" – Рахматжан Юсупов;
"Шетелдегі қазақ әдебиеті" – Алмас Ахметбекұлы;
"Аударма" – Заманбек Әбдешев;
"Орыс әдебиеті" – Лейля Калаус;
"Фантастика" – Нәрбин Кенжеғұлова;
"Жастар поэзиясы" – Алмас Нүсіп;

Соңында, 2017-2018 жылдар үшін бір топ қаламгерлерге Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығы тапсырылады.

Қосымша ақпарат және сұрақтарыңыз болса +7700 237 98 96 байланыс номеріне хабарласа аласыздар.

Т. Раушанұлы