Алматыда "Ай астындағы Кентавр" атты кеш өтті

Алматыда "Ай астындағы Кентавр" атты кеш өтті
Фото: Маралтай Райымбекұлы

Кеше, 28 наурыз күні сағат 17:00-де Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрында халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ақын, Маралтай Райымбекұлының 50 жас мерейтойына арналған "Ай астындағы Кентавр" атты шығармашылық кеші өтті.

Аталған кешке ақын-жазушылармен қатар еліміздің әр аймағына түрлы зиялы қауым өкілдері қатысты. Кеш шымылдығы құттықтау хаттарымен ашылды. Қазақстан Республикасының премьер министрі Асқар Мәмин және Қазақстан Республикасының мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтау хаттары оқылды. Бұдан басқа Атырау, Орал, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл облысы əкімдерінің құттықтау хаттары мен жылы лебіздері сахна төрінде отырған ақынға жеткізілді. 

Сахнаға шыққан Алматы облыс әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қала әкімі Бауыржан Байбектің құттықтау хатын оқып берді. Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдаулет жүрекжарды тілегін арнады.

Кеш барысында ақынның өлеңдері оқылып, Маралтай Райымбекұлының сөзіне жазылған әндер шырқалды. 

Т. Раушанұлы