Маркестің "Жүз жылдық жалғыздығы" алғаш рет экранизацияланады

Маркестің "Жүз жылдық жалғыздығы" алғаш рет экранизацияланады
Фото: vk.com

Атышулы Netflix платформасы Габриэль Гарсиа Маркестің "Жүз жылдық жалғыздық" романын экранизациялау құқығына ие болды.

Мини-сериал форматындағы туынды испан тілінде түсіріледі. Жазушының Родриго және Гонсало есімді ұлдары сериалдың продюсері болмақ. Түсірілім жұмыстары Маркестің отаны Колумбияда жүргізіледі. Netflix платформасы жариялаған алғашқы ақпарат легі осындай. Өзге деректер әзірге құпия сақталмақ.

Естеріңізге сала кетейік, әдебиет жақұты 1967 жылы жарық көріп, кейін 46 тілге аударылған.  50 миллион данасы сатылған.

А. Оралқызы