"Ұлы дала" байқауы мәресіне жетті

Қазақстандық қоғамды рухани жаңғыртудың идеялары мен құндылығын көрсететін қазіргі заманғы Қазақстандық авторлардың шығармаларын дамыту, қолдау және насихаттау мақсатында Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласынан соң, жас қаламгерлерге арналған "Ұлы дала" республикалық шығармашылық байқауы жарияланған болатын. 

Бүгін Астана төрінде "Нұр Отан" партиясының ұйытқы болуымен алғаш рет өткізілген "Ұлы дала" республикалық шығармашылық байқауы өз мәресіне жетті. Соған орай бүгін байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Әр номинация бойынша жеңімпаздарға 1,5 миллион (1-орын), 750 мың (2-орын), 500 мың (3-орын) теңге ақшалай сыйлық және диплом табысталды. 

"Проза" номинациясы бойынша:
1-орын – Мақсат Мәліков. "Құдық басындағы екеу"; 
2-орын – Қанат Тілеухан. "Медаль"; 
3-орын – Татьяна Кретова. "Казахстанец". 

"Поэзия" (өлеңдер топтамасы) номинациясы бойынша:
1-орын – Жанат Жаңқашұлы; 
2-орын – Нұргүл Маулина; 
3-орын – Батырхан Сәрсенхан; 

"Драматургия, көркем фильм мен телесериал сценариі" номинациясы бойынша:
1-орын – Сержан Зәкерұлы. "Кейкі мерген"; 
2-орын – Айдос Ділдеба. "Айсұлу"; 
3-орын – Абылай Мауданов. "Әбдіғаппар". 

"Балаларға арналған шығарма" номинациясы бойынша:
1-орын – Бауыржан Қарағызұлы. "Ұлы даланың жеті қыры";
2-орын – Асылан Тілеген. "Ұлттық музейге экскурсия"; 
3-орын – Серікбол Хасан. "Жылқы деген жануар" 

"Публицистика" номинациясы бойынша:
1-орын – Мақпал Жұмашева. "Көк бөрі тотемі"; 
2-орын – Қанат Әбілқайыр. "Мұздауан Мұздыбай"; 
3-орын Гүлбану Тебегенов. "Рухани жаңғыру – үштілділік"

Байқаудың қазылар алқасының құрамында Төлен Әбдік, Алдан Смайыл, Несіпбек Айтұлы, Ұлықбек Есдәулет, Нұртөре Жүсіп, Жүсіпбек Қорғасбек, Көпен Әмірбек және Әлия Бөпежанова сияқты белгілі қаламгерлер болды.