Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Жазушылар Одағының І Пленумда қабылдаған үндеуі

Жазушылар Одағының І Пленумда қабылдаған үндеуі

Жазушылар Одағының І Пленумда қабылдаған үндеуі

Алматыда «Ұлы даланың жеті қыры және қазақ әдебиеті» атты Қазақстан Жазушылар одағының І Пленумы өтті. Жиынға еліміздің әр аймағынан жазушылар мен ақындар келіп қатысты. Аталған пленумда қыбылданған үндеуді назарларыңызға ұсынамыз.

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ І ПЛЕНУМЫ ҚАБЫЛДАҒАН ҮНДЕУІ

Қазақстан Жазушылар Одағының «Ұлы даланың жеті қыры және Қазақ әдебиеті» атты І Пленумына қатысушы қаламгерлер ҚР Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» тарихи бағдарламалық мақаласында айтқан барлық келелі ойлары мен ұсыныстарын қолдайтынын жеткізеді. 

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының заңды жалғасы деп білеміз. Әлемдік кеңістікке ұлттық кодымыз арқылы шығып, барша әлем халықтарына қазақтың жанын, Тәуелсіздігіміздің мызғымас рухын, қазыналы құндылықтарымызды дәріптеуді мұрат етеді. 

Қазақ қаламгерлері өз шығармаларында қашанда тамыры мыңжылдықтарға кететін төл тарихымызды зерттеп-зерделеуге, ұлттық құндылықтарымыздың насихатталуында осыған дейін де өлшеусіз еңбек сіңіргені ақиқат. Ал, мына мақалада айтылған арналы жобалар қазақ әдебиетіндегі жаңа тарихи шығармалардың жазылуына үлкен өріс ашпақ. 

Демек «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған биік мақсаттарды іске асыруда ақын-жазушылардың рөлі орасан болмақ.

Осы орайда, Президент Әкімшілігіне, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне, сондай-ақ, облыс әкімдеріне «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында байтақ Қазақстанның барлық аймақтарын қамтитын «Тарихи-әдеби өлкетану» жобасын ұсынамыз. Аталған жоба шежірелі тарихымызды қайта сараптап, келер ұрпаққа мұра болар тарихи тақырыптарға арналған жаңа шығармалардың жазылуына мұрындық болады. 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасын Қазақстан Жазушылар одағының барлық мүшелері және барша қаламгерлер қауымы қолдайды әрі мәдени өміріміздегі үлкен серпіліс болатынына сенім білдіреді.

0
Рейтинг: +0

Фото: ult.kz
Қосылған күні: 21 желтоқсан 2018, 16:55

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.