Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол МОЛДАЖАН

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Бүгін – Тәкен Әлімқұловтың туғанына 100 жыл

Бүгін – Тәкен Әлімқұловтың туғанына 100 жыл

Бүгін – Тәкен Әлімқұловтың туғанына 100 жыл

Бүгін – ақын, жазушы, әдебиет сыншысы, Тәкен Әлімқұловтың туған күні. Жазушының осыдан 100 жыл бұрын ән мен күйдің сандығы, аңыз-әңгімелердің мекені киелі Қаратаудағы Созақ ауданында туғаны бәрімізге аян. Қаламгер өмірінің соңына дейін өнер адамдарын, ақын-жазушы, әнші-күйшілерді шығармаларына арқау етті. Назарларыңызға жазушының өмірінен сыр шертетін деректер ұсынамыз.

Жазушы 19 жасында Ащысай кенінде жұмысшы жастардың кешкі мектебінде аз уақыт оқиды. Шымкент қорғасын зауытындағы кеншілердің мөлтек газетінде екі тілде хабар жазып, қалам ұштаған ол 1946 жылы «Оңтүстік Қазақстан» газетіне жауапты хатшы боп орналасады. 1945 – 1974 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жауапты хатшы, Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, КСРОжәне Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметтерін атқарды. 1974 жылдан өмірінің соңына дейін шығармашылық жұмыспен айналысты. 1949 жылы Мәскеудің М.Горький атындағы әдебиет институтына оқыған.

Шығармалары 1945 жылдан жариялана бастады. Алғашқы өлеңдер жинағы «Сапар» 1950 жылы жарық көрді. «Жазғы жаңбыр» (1964), «Қаратау өрнектері», «Туған ауылда» (1968), «Боз жорға» (1969), «Күрең өзен» (1971), «Кертолғау» (1973, 1990), «Шежірелі сахара» (1976), «Көкек айы» (1982) атты әңгімелер мен повестер жинағы, «Ақ боз ат» (1962, орыс тілінде 1968), «Тұлпардың тағдыры» (1975), «Ел мен жер» (1978), «Замана екпіні» (1982) романдары шықты.

Қаламгер аудармашылықпен де айналысып, М.Ю. Лермонтовтың «Измаил бей» поэмасын (1951), П.Павленконың«Бақыт» (1950), Г.Николаеваның «Орақ үстінде» (1952) романдарын, Э.Сент-Экзюперидің «Кішкентай шаһзада» ертегісін, сондай-ақ А.С. Пушкиннің, В.В. Маяковскийдің, Г.Низамидің өлеңдерін қазақ тіліне аударды.

0
Рейтинг: +0

Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 22 қараша 2018, 08:55

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.