Бодлердің өлер алдында жазған хаты бәссаудаға түсті

Бодлердің өлер алдында жазған хаты бәссаудаға түсті
Фото: vk.com

"Зұлымдық гүлдерінің" бағбаны, декадент-ақын Шарль Бодлердің өлер алдында жазған хаты бәссаудаға түсті.

Сатылымды ұйымдастырушылар хаттың 234 мың еуроға өткеніне таңқалды, өйткені, олар 3 есе аз бағаға өтетініне сенімді болған. Osenat бәссауда үйі сатып алушының есімін құпия сақтап отыр.

1845 жылы 30 маусымда жазылған хатты Бодлер сүйіктісі, аса талантты балерина Жанна Дювальға арнаған. Ол кезде ақын 24 жаста болатын. Хатта: "Сен бұл хатты алғанда, мен мәңгілік мекеніме аттанып кетемін. Таң атырып, күн батырып ғана кешкен ғұмырда еш мән жоқ. Менің өмір сүргім келмейді",- делінген.

Осыдан кейін жас ақын өз-өзіне пышақ сұғып алады. Бірақ, жарасы ауыр болмай, тірі қалады. Осы суицидке талпыныстан кейін Бодлер 22 жыл өмір сүрген екен. Ал 1857 жылы жазылған "Зұлымдық гүлдері" оның есімін әдебиет әлемінде мәңгі өшпестей етіп қалдырды.

А. Оралқызы