Шыңғыс Айтматов — 90 жыл: Коллекциялық тиын шығарылды

Шыңғыс Айтматов — 90 жыл: Коллекциялық тиын шығарылды
Фото: Argument.kg
29 қазаннан бастап Қырғызстан Ұлттық банкі әлемге әйгілі қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына арналған коллекциялық тиынды қолданысқа енгізді. Ол "Тарихи оқиғалар" сериясы бойынша "Шыңғыс Айтматовтың — 90 жылдығы" деген атаумен шықты.

Тиынның алдыңғы бөлігінде жазушының қолы мен суреті, шетінде “Чыңгыз Айтматов — 90 жыл" / Chingiz Aitmatov — 90 years” деген жазуы бар. Және "20 сом" деп номиналы көрсетілген.
 
Коллекциялық тиынның екінші бетінде Қырғызстан елтаңбасы, ақ кеме және марал бейнеленіп, төменгі жағында "Шығарылған жылы – 2018" деп көрсетілген.
 
 
Тиынның әр данасы акрил капсулаға орналастырылып, ерекше ыдысқа салынған. Мыс-никельден жасалған тиынның 5 мың данасы қолданысқа енді. Оның салмағы 25 грамм, бағасы 700 сомды (3500 теңге) құрап отыр. 
 
Осы жылы Қырғызстанда жазушының 90 жылдығы халықаралық деңгейде атап өтілген еді. Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы 2018 жылды "Шыңғыс Айтматов" жылы деп жариялады. 

Айта кетейік, Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов (12.12.1928 – 10.06.2008 ж.ж) – жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері. Қырғызстанның халық жазушысы, Қырғызстан Ғылым Академиясының, Еуропа Ғылым Академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері. 
 
"Аспалы көпір", "Жәмила", "Алғашқы ұстаз", "Қош бол, Гүлсары", "Ертегіден соң", "Ерте қайтқан тырналар" тағы басқа әңгіме, повесть жинақтары, "Жанпида", "Боранды бекет" романдары жарық көрді. "Көктөбедегі кездесу" (Қ. Мұхамеджановпен бірге) спектаклі көптеген елдердің театр сахналарында қойылды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының, Лениндік сыйлықтың, көптеген халықаралық сыйлықтардың лауреаты.
Т. Раушанұлы