Астанада «Ақ ордалы – Астанам» атты халықаралық поэзия кеші өтті

Астанада «Ақ ордалы – Астанам» атты халықаралық поэзия кеші өтті
Фото: madeniportal.kz

Қазақстан астанасының 20 жылдығын мерекелеу құрметіне 30 тамызда Астанада «Ақ ордалы Астана» халықаралық поэзия кеші өтті. Іс-шараға танымал отандық ақындар мен әлемдік деңгейдегі білікті ақындар қатысты.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы салтанатты кештің ашылу шарасында арнайы сөз алып, қатысушыларға өз алғысын жеткізді. Көптеген шет елдік танымал ақын жазушыларда аталмыш шараға өз үлестерін қосуда.

Аталмыш шығармашылық кешке Финляндиялық ақын, эссеші, славян, орыс әдебиетінің аудармашысы Юкка Маллинен, ақын, жетпіс кітаптың авторы, Шанхай университетінің профессоры Оуянг Ю, Француз жазушысы, публицист және аудармашы, прозашы Тьерри Мариньяк, ақын, баспагер, суретші Малгожата Махлевская, ақын, баспагер Гагик Давтян, ақын Любовь Красавина, ақын, прозашы, сыншы, «Литературная газета» атты газеттің Бас редакторы Максим Замшев, ақын Сергей Мнацаканян, ақын, аудармашы Михаил Синельников сияқты тұлғалар келді. 

Поэзия кешіне қатысудың негізгі шарты Астана туралы, Қазақстан немесе Елбасы туралы қазақ, ағылшын, орыс тілдеріне аударылған, сондай-ақ БҰҰ мақұлдаған ресми тілдерінде өлең жолдарын ұсыну еді. 

Халықаралық поэтикалық кештің негізгі мақсаттары Қазақстан халқының бірлігін сақтау және біздің еліміздің мәдени ерекшеліктерінің әртүрлілігін дамыту, Қазақстан халқының достығы, бірлігі мен патриотизмін нығайту, Қазақстанның мақтанышы, бейбітшілік пен төзімділік символы, еуразиялық мәдениет орталығы - Астананы «Әлемнің қаласын» көрсету еді. 

Іс-шара барысында шығармашылық кеш ұйымдастырылды. Сонымен қатар, "Рухани Жаңғыру" айдарымен «Әлем ақындары Қазақстанды жырлайды» атты шығармалар жинағы да жарыққа шықты. Жоспарланған іс-шара барысында шетелдік және отандық ақындар ресми қабылдауларға, ашылу рәсіміне және тұсаукесер рәсіміне қатысты. Сондай-ақ, ұйымдастырылған поэзия кешіне жиналған қауымды елорданың жиырмасыншы туған күні қарсаңында керемет мереке мен жағымды әсерлерге бөледі.

Дереккөз: madeniportal.kz

Т. Раушанұлы